Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 50)

Шымкент

Шымкенттің Бас полицейі «Асар-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков Қаратау ауданы Полиция басқармасының әкімшілік аумағына кіретін «Асар-2» шағынауданына арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкенттік тәртіп сақшыларының қызмет атқару барысындағы ұстанатын басты қағидаларының бірі – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша азаматтарға мейлінше жақын ...

Толығырақ »

Шымкент: Ж.Ташенов көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласында көлік жүктемесі жоғары магистралды және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бүгінге дейін жоспарланған 308 көшенің 230-дан астамы орташа жөндеуден өтті. Соның бірі – Ташенов көшесі. Жол құрылыс жұмыстары Төреқұлов көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бүгінде асфальтбетон жабындысын салу жұмыстары толығымен аяқталып, екі жақтама аяқжол істелді. Сонымен қатар, жүргізушілердің ...

Толығырақ »

«Дүниежүзілік тазалық күні»: Шымкентте жалпы қалалық сенбілік өтеді

Ертең 17 қыркүйек «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы аумағында жалпы қалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпарат агенттігі. Сенбіліктің мақсаты — аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру үшін қала тұрғындарын біріктіру. Еске сала кетейік, қаламызда қоқысқа қатысты мәселенің туындағаны белгілі. Қазіргі таңда қала бойынша көп қабатты үйлерден қоқыс шығарумен айналысатын мекеме бұл ...

Толығырақ »

Қаратау ауданында қоғамдық келісім мәселесіне арналған кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Таскен тұрғын алабында жергілікті тұрғындармен қоғамдық келісім мәселесіне арналған кездесу өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған кездесуге ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың мүшелері, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Н.Әбдікәрім қатысты. Кездесу барысында аталмыш азаматтардан бөлек, абыройлы ақсақалдар мен белсенді азаматтар сөз сөйлеп, пікірлерін айтты. Берекелі бірлікті бекемдеуді көздеген ашық диалог ...

Толығырақ »

«Шымкент-Тұлпар» ЖШС аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Адамдар көптеп жиналатын нысандарда өрт орын алған жағдайда іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері Шымкент қаласы Абай ауданы Темірлан тас жолы №26/3 мекенжайда орналасқан «Шымкент-Тұлпар» ЖШС аумағында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТІЛДІК НОРМАЛАРДЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

Шымкентте этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы мемлекеттік тілдің дұрыс қолданылуына мониторинг жүргізіліп, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндеріндегі тілдік нормалардың сақталуына бақылау жасалды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруға Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мұрындық болып отыр. Аталмыш топ ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМ ШЫМКЕНТТЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі өрт сөндіру депосының құрылыс сапасын тексерді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы Түркістан көшесі бойында өрт сөндіру депосы жаңадан бой көтеруде. Қала әкімі нысанның құрылыс жұмысы барысымен танысып, жаңа корпустың нормативтік актіге сәйкестігін тексеріп шықты. -Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына ұзақ жылдар қызмет еткенін білеміз. Аумағы 0,3319 га жерді алып жатқан сөндіру бөлімі мегаполистің ...

Толығырақ »

Шымкент: № 8 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусы келесі жылы пайдалануға беріледі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимаратының құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Нысан сапасын әкім бұған дейін де бірнеше рет келіп тексерген. Бекітілген өндірістік жұмыс кестесінен кешіккені үшін айыппұлдар салынып, жауапты тұлғаларға кеткен кемшіліктерді реттеуді тапсырған болатын. Қазіргі кезде барлық олқылықтар жойылып, құрылыс қарқынмен жүргізілуде. Жаңа ғимарат 1 100 ...

Толығырақ »

 Әл-Фараби ауданында балалар ойын алаңшасы пайдалануға беріледі

Шымкентте заманауи үлгідегі спорт және балалар ойын алаңшасы салынып, ескілері қайтадан жаңғыртылуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қала басшысы Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданына қарасты Түркістан көшесінде орналасқан көп қабатты үй аулаларына орнатылып жатқан жаттығу элементтері мен ойын алаңдарын көріп, тұрғылықты халықпен кездесті. Әл-Фараби алаңы №1А/ Түркістан көшесі №2/3, 2/7 көп қабатты үй ауласындағы спорт алаңшасын жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Сайрам ауданының әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек, Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы М.Төленов, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Шымкент қаласы филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Бекбердиев және Сайрам ауданындағы қызмет көрсету орталығының басшысы З.Алшынбаевалар мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиын барысында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде ...

Толығырақ »

ОҚУШЫНЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАҒАН АҒА

15 қыркүйек – Асанбай Асқарұлының туған күні. Шымкент қаласының өсіп-өркендеуіне үлкен еңбегі сіңген Асанбай ағаны бұл күні еске алуды ел арасында дәстүрге айналдырды. Ауқымды шаралардан бөлек, білім ұйымдарында, кітапханаларда, жоғарғы оқу орындарында жыл сайын еске алу кештері өтеді. Бұл күн мен үшін елім деген азаматтың ауыл қызының арманын орындап, мектеп салуға ұйытқы болған ыстық естелігімен қымбат. Иә, Асанбай ағамен 13 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚТЫҢ ТҰТЫНУШЫ РЕТІНДЕ САУАТТЫЛЫҒЫ АРТУДА

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Б.Салхожаев департаментінің 8 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндады. «Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда, келіп түскен арыз-шағымдар бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылдың 8 айында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне тұтынушылардан 1205 шағым түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 245%-ға артық. Яғни, халықтың ьұтынушы ретінде ...

Толығырақ »

Шымкентте емханаға ерікті тіркелу науқаны басталды

Бүгін Шымкент қаласында емханаға ерікті тіркелу науқаны басталды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Тіркеуге өтінімді электронды үкімет порталы арқылы берген жағдайда 1 жұмыс күні ішінде қаралады. Тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүреді, ал оның нәтижесі келесі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Яғни, пациент (сол емхана оның тіркеуге өтінімін растаған жағдайда) өзге емханадан медициналық көмекті келесі жылдың басынан бастап ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының бас дәрігері тұрғындарды қабылдады

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қабылдау барысында тұрғындар қаланың бас дәрігеріне медицина қызметкерлерінің дөрекі әрекеттеріне, дұрыс жүргізілмеген емдеу шараларына шағымданды. Жеке қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдаған басқарма басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, шешілу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, келіп түскен өтініштер жеке тұрақты бақылауында болатындығын атап өтті. Қабылдау барысында тұрғындар шағымданып ...

Толығырақ »

Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Шымкент қаласында күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкентте күзгі әскерге шақыру қызу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша 700-ден астам жерлесіміз әскери киім киіп, Отан қорғаушылар қатарына қосылады. Әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес қазір ҰҚК Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, одан кейін – Қарулы Күштердің, Төтенше жағдайлар ...

Толығырақ »

​Танкистер күні: Шымкентте оқушылар үшін Ашық есік күні өтті

Танкистер күні қарсаңында Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында оқушылар үшін Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған шараға қала мектептерін бітіруші оқушылар мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубынан жалпы 300-ден астам бала келді. Балаларды әскери өмірмен таныстыру бақылау өткізу пунктінен басталды. Онда оқушылар тобын бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ринат Калидолдин ...

Толығырақ »

АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ

Бүгін Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, мемуаршы, зерттеуші, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл. Осыған орай Шымкенттегі Әл Фараби алаңында тау тұлғаны еске алу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, бір топ зиялы қауым мен жергілікті халық және БАҚ өкілдері қатысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Алғы сөзінде шаһар басшысы қазан айында Асанбай Асқаровтың ...

Толығырақ »

Шымкенттік полицейлер студенттермен кездесу өткізді

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу, жастарды спортқа баулу мақсатында студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған басқосудың негізгі мақсаты — жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақыру. ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының 7 қаламен бауырластық қатынас орнатуы жоспарлануда

Қазіргі таңда Шымкент қаласымен бауырлас қалалардың 10 болса, 2022 жылдың соңына дейін қосымша 7 қаламен бауырластық қатынас орнату жоспарланып жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпарттық агенттігі. Оның ішінде: Қытайдың Далянь және Сиянь, Италияның Генуя қаласы, Әзірбайжанның Гянджа қаласы, Литваның Каунас қаласы, Болгарияның Пловдив қаласы, Татарстанның Қазан қалалары. Бауырлас қалалармен жалпы жобаның құны 1 млрд 999 миллион долларды құрайтын, бірлескен Шымкент қаласында ...

Толығырақ »

Шымкентте балаларға арналған 50 туристік экскурсия ұйымдастырылды

«Visit Shymkent» орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында балаларға арналған 50 туристік экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оған жалпы саны 2 500 мектеп оқушысы қатысты. Шымкент қаласының туристік әлеуетін жарнамалауда келесі бағыттарда жұмыстар жүргізілуде. Бірінші, жыл сайын қаланың көрікті жерлері туралы интерактивті альбом шығарылуда. Аталған жарнама құралы арқылы турист өңіріміздің туристік нысандары туралы ақпаратты бір кітапта арнайы бейнероликтер ...

Толығырақ »

Үшінші мегаполисте «Этно Шымкент» фестивалі өтеді

Шымкент қаласында «Этно Шымкент» фестивалін өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров брифинг барысында мәлімдеді. Бүгінгі таңда Шымкент Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен қатар Қазақстанның МІСЕ туризмінің орталықтарының бірі болуға барлық алғышарттарға ие. Оған қаланың ыңғайлы географиялық орналасуы, әртүрлі бағыттағы іс- шараларды өткізуге қолайлы инфрақұрылымы, ивент және жарнамалық агенттіктердің ...

Толығырақ »

Шымкент қаласы «Үздіктердің үздігі» номинациясын иеленді

Сәуір айында Алматы қаласында өткен еліміздегі ең ірі «KITF» туристік көрмесінде 20 жылдыққа орай Шымкент қаласы «Best of the best», яғни «Үздіктердің үздігі» номинациясын иеленді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған көрмеге 18 елден 211 компания қатысып, нәтижесінде ынтымақтастық туралы 5 меморандумға қол қойылған. Мұндай екіжақты байланысты арттырып, ішкі және сыртқы туризмді дамыта, туристік ағынды арттыратын кездесулер қатары жалғаса бермек. ...

Толығырақ »

Шымкентте «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағы абаттандырылады

Шымкент қаласында туристік орындардың инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесе Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағын абаттандырудың эскиздік жобасы әзірленді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жобаға сәйкес, кесенелердің аумағында туристерге қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда кіре беріс, көлік тұрағы мен дәрет алу орындарын ретке келтіру, жан-жағын көгалдандыру, бастырмасы бар орындықтар қою қарастырылған. . Сонымен ...

Толығырақ »

Шымкент: Асар-2 шағынауданы инфрақұрылыммен қамтылып жатыр

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов «Асар-2» шағынауданындағы су, газ және кәріз жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. 15 мыңнан астам халқы бар шағын ауданда инженерлік жүйелерге қатысты мәселелер оң шешімін табуда. Қазіргі кезде ауыз су жүйелерін салу жұмыстары ІІ кезеңмен жүзеге асуда. Нысан құрылысы былтыр аяқталса, биыл екінші кезеңмен екі аумақта абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

“Шымкент Сити” аймағынан халықаралық стандартқа сай конгресс-холдың құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Былтыр қазығы қағылған ғимарат құрылысы заман талабына сай жүргізілуде. Жер көлемі 5,240 га, құрылыс ауданы – 16 166,65 м2. Жұмыс барысын арнайы барып көрген қала әкімі М.Әйтенов құрылыс басқармасы мен жауапты мердігер мекеме өкілдеріне басты назарды сапаға беру керектігін ескертті. Конгресс-холл болашақта жергілікті және Республикалық ...

Толығырақ »