Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 46)

ОҚО жаңалықтары

АРЫС «АҚЫЛДЫ ҚАЛАҒА» АЙНАЛАДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Арыс қаласын цифрландыру мәселесі бойынша мәжіліс өтті. Облыстық Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Утебаевтың айтуынша, Арыс қаласын цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жуырда 17 секторға бөлінген қаланың 3D картасы жасалды. Бұл картаға қаладағы тұрғын ...

Толығырақ »

ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ АРЫСТА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласын жөндеу жұмыстары басталды. Осы орайда беріліп жатқан көмектің ашық, уақтылы жеткізілуін қадағалау және елмен тығыз қарым-қатынас жасау үшін жергілікті тұрғындар арасынан бір белсендіден штаб жұмысына тартылуда. Яғни, әрбір 10 үйге жергілікті бір белсенді тұрғын тағайындалып, жұмыстардың үйлестірілуін және көмектің жетуін бақылайды. Өздері де ерікті ретінде жұмыс істейді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме ...

Толығырақ »

АРЫСТЫҚ БАЛАЛАР «ОТЫРАР» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ ДЕМАЛУДА

Арыс қаласында орын алған жағдай жалпы қазақ елінің қабырғасын қайыстырған оқиға болды. Әйтсе де, арыстықтардың басына түскен сынақты ел болып көтеріп, жұмыла көмектесудің арқасында қалаға қайта жан біте бастады. Бүгінде Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тікелей басшылығымен қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ел басына күн туғанда отырарлықтар да қарап қалмады. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастаған киелі аймақтың депутаттары, кәсіпкерлері ...

Толығырақ »

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ҚОЙМАЛАРЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Арыс қаласында орын алған жағдайға барлық қазақстандықтар болып жұмыла білді. Жеке азаматтар болсын, мемлекеттік немесе басқа да заңды тұлғалар болсын, тіпті өнер иелері, жеке кәсіпкерлер мен азаматтар да апаттық жағдайға бей-жай қарамай, дер кезінде қол ұшын созып,  қолдау білдіре білді. Осы орайда, Арыстағы апаттан зардап шеккен арыстықтарға бүкіл қазақстандық қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда қоймаға 510 тонна ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЕКІ ТҮЛЕК ҰБТ-ДАН 139 БАЛЛ ЖИНАДЫ

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-ның қорытындысы шықты. 22 -26 маусым күндері аралығында үшлегте өкізілен тестілеуге 1701 түлек қатысқан болатын.Шәкіттердің ҰБТ-ға қатысу пайызы 67,7 пайызды құраса, орташа балл 79,7 пайызға жетті. 490 түлек 100-ден жоғары балл жинаса, ең жоғары балл 139-ды құрады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Нақтырақ ...

Толығырақ »

АРЫС: 435 ҮЙГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Арыс қаласы мен қала маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан зардап шеккен. 27 үй толықтай қайтадан салынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Қазіргі таңда Арыс қаласы 17 секторға бөлінген. Бұл секторлардағы жөндеу жұмыстарына республиканың 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 170 арнайы бригада келіп, 1194 құрылысшы іске кірісті. Олар ...

Толығырақ »

АРЫС: ҚАЛА ҚАЛЫПТЫ ӨМІРГЕ ОРАЛЫП КЕЛЕДІ

Арыстағы төтенше жағдайдың салдарын жою, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өтті.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жиында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Биятов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев соңғы мәліметтерді жариялады. Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, қаланы қалпына ...

Толығырақ »

АРЫС: ЖЕРГІЛІКТІ БЕЛСЕНДІ ТҰРҒЫНДАР ДА ЖҰМЫСҚА АРАЛАСТЫ

Күннің ыстығына қарамай Арыс қаласында 17 секторға бөлінген аумақтарда қызу жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен штабтың жұмысына кіріскен Ұласбек Сәдібеков бүгін секторларды аралап, азаматтармен ақылдасты. Алдағы жұмыстарды жүйеледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Қазір әрбір облыс пен аудандар бекітілген штабтарда 2 бағытта жұмыс істеліп жатыр. Біріншіден, зардап шеккен үйлерді бағалау, есептеу ...

Толығырақ »

АРЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «ҚАМҚОР» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Арыс қаласында облыс әкімінің тапсырмасымен кәсіпкерлерге арналған «Қамқор» бағдарламасы іске қосылды. 5 млн. теңгеге дейін берілетін 1%-дық жеңілдетілген кепілсіз несиенің уақыты — 4 жылды құрайды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Қазіргі таңда Арыстағы кәсіпкерлердің мәселесін шешу үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан 25 қызметкер келіп, 17 секторға бөлініп қызмет атқаруда. Олар 10 күн бойы ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ДА АРЫСТЫҚТАРМЕН БІРГЕ!

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты еліміздің барлық өңірлерінен гуманитарлық көмек жеткізіліп жатқаны белгілі. Еліміздің барлық аймақтарынан көмектер жеткізіліп, арыстықтарға деген жәрдемдерін аямауда. Осы игі істен Қазақстан халқы ассамблеясы да шет қалған жоқ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен еліміздің түкпір-түкпіріндегі ассамблея мүшелері Арыс жұртшылығына қолдау көрсете білді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ...

Толығырақ »

АРЫСТА БАНК БӨЛІМШЕЛЕРІ МЕН САУДА ОРЫНДАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

Төтенше жағдайды бастан өткерген Арыс жұртшылығы туған қалаларына оралып, тіршілік қыза түсті.Арыстағы барлық банк бөлімшелері ашылып, жұмысын бастап кетті. Тұрғындарға жалақы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы аударылуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Қаладағы сауда орындары мен базарларда, дүкендерде азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдар, тауарлар сатылып жатыр. Ұн, макарон өнімдері, киім-кешек, ...

Толығырақ »

ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТ ТАРАТҚАНДАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Арыста апаттан кейінгі қаланың жай-күйі туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов, облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастамбеков, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Биятов, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергеновтың қатысуымен брифинг өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме ...

Толығырақ »

ОСЫ АЙДА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА 100 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ

Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бағытында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде кеңейтілген брифинг өтті. Өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері қатысқан жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев екі апта көлемінде Арыс қаласының әрбір тұрғынына 100 мың теңге беріле бастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Өздеріңіз білетіндей, Арыс қаласында ҚР ...

Толығырақ »

ҚҰРМЕТКЕ ҚАШАН ДА ЛАЙЫҚ

Адам жанының арашасы атанған медицина қызметкерлерінің қоғам өміріндегі орны  зор. Еңбегі орасан. Ұлт саулығы үшін дамыл таппай қызмет етіп жүрген денсаулық сақтау саласының мамандары қашан да құрметке лайық. Бәйдібектік ақ халатты абзал жандардың еселі еңбегі ескеріліп, марапат төрінен көрінді. Шараның  шымылдығы сала жастары  ұйымдастырған  флешмобпен  түрілді.  Кешке  арнайы  келген  аудан  әкімінің  орынбасары  мен  ардагер дәрігерлер  мереке  иелеріне  ақ жарма  тілегін  ақтарды. Күн-түн демей, ұлт  ...

Толығырақ »

АПАТТЫҚ АЙМАҚ ЖҰРТЫ ШАРДАРАДАН ДА ПАНА ТАПТЫ

«Арыс, біз біргеміз!» акциясына Алаш жұрты түгел атсалысып жатыр. Апат аймағының 53 тұрғыны бас сауғалап, шалғайдағы Шардараға дейін барған. Атымтай жомарттар шағалалы аймақты уақытша мекен еткен арыстық ағайынға көмек қолын созды. Ас-ауқат, киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттың барлығын жеткізіп берген. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Жарылыстан жапа шеккендердің дені №16 коледжге орналастырылыпты. Апаттық аймақ халқының елдегі ...

Толығырақ »

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР АРЫСҚА ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбеков Арыс қаласына арнайы келді. Сапар барысында ол Арыстағы 17 сектордың штабтарында болып, тұрғындардың жағдайымен танысты. Құрылыс барысын бақылап, әр облыстың жауапты өкілдеріне тапсырмалар берді. Вице-премьер жұмыс барысы баяу облыстарды сынға алып, бір айдың ішінде халыққа уәде етілген дүниелер орындалу керектігін қатаң ескертті. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Д.Нахыпбектің  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Жеңіс Қасымбековтің ...

Толығырақ »

СОЧИДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КӨРМЕСІ

 22-23 қараша аралығында Сочи қаласында өтіп жатқан Ресей және жақын шетелдердің туристік индустрия өкілдері үшін негізгі бизнес-нысандардың бірі болып табылатын  «SIFT» халықаралық туристік форумы аясында «Шипажай және туризм. 2018-2019 маусым» халықаралық туристік көрмесіне Қазақстан Республикасы да өзінің ұлттық павильонын ұсынғанын хабарлаған болатынбыз. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі,  Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен Сочиге аттанған Қазақстанның туристік саласының өкілдері ...

Толығырақ »

АЙТЫС ДҮЛДҮЛІ ӘСЕЛХАНМЕН КЕЗДЕСУ

Қазақстанның Халық ақыны Қалыбекова Әселхан Әлішерқызының  Шымкент қаласындағы «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында «Жаулығымның ұшына жұпар түйдім» атты оқырмандармен кездесу кеші өтті. Поэзиялық кешке Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы қатысып, айтыс сүйер қауымның ыстық ықыласына бөлене жүріп қаншама жыр сүлейлерін шыңдап, айтыс додасына қанат қақтырған халық ақынының халық алдындағы поэзиялық есеп беру кешімен құттықтады. «Өзі де – өлең, өмірі де – өлең ерге ...

Толығырақ »

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙ КӨРМЕСІ ГРЕКИЯДА АШЫЛДЫ

Бүгін Грекияның Салоники қаласында «Philoxenia – 2018» ең ірі халықаралық көрмесі ашылды. Айтулы шарада Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Қожа Ахмет Ясауидің мұралары және Түркістан өңіріндегі киелі-тарихи жерлері жайлы көрмесінің лентасын қиды. Туристік әлеуеті дамыған алпауыт елдердің көшбасшы туристік орталықтары қатысатын шараның басты мақсаттарының бірі – қазақстандық туристік нысандар ...

Толығырақ »

«ТҮРКІСТАН ЖАУҺАРЛАРЫ» ПЕТРОПАВЛДА

Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығына арналған «Қазақстан мен Ресейде туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» тақырыбында XV форум өтуде. Халықаралық шара аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қоры-музейінің «Түркістан жауһарлары» атты көрмесі ашылды. Көрме әулиелердің Сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерге арналған. Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған баға жетпес мұралары — ХVІІІ ғасырға тән ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы мәдениет үйінде «TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK» атты халықаралық журналистер форумы өтті. Оған елімізбен қатар Түркия, Қырғызстан,  Әзірбайжан және Татарстан елдерінің ақпараттық агенттіктері мен белді басылымдардың жетекшілері, Түркістан облысындағы БАҚ басшылары мен өкілдері ғалымдар және  студенттер  қатысты. Форумның мақсаты – Түркістан облысының басты брендін қалыптастыру, облыстың оң имиджін көтеру, сондай-ақ, Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру, өңірдегі ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

2018 жылдың 18-20 қазан күндері Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ  ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференция Түркістан қаласында өтеді. Конференцияны ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Түркістан облысы әкімдігінің бірелесіп өткізеді. ...

Толығырақ »

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

2018 жылдың 16 қазанында Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаеваның төрағалығымен селекторлық мәжіліс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, облыстық прокуратурасының басшылығы, облыстық ішкі істер департаментінің орынбасары, жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімі, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысында Сайрам ауданының 90 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Салтанатты шара Ақсукент елдімекеніндегі Мәдениет үйінде бастау алды. Жиынға арнайы қатысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев тұрғындар мен қонақтарды аталған мерекемен құттықтап, ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. «Сіздерді ауданның 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Сайрам — ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР

2018 жылдың 18-20 қазан күндері Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ  ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференция Түркістан қаласында өтеді. Конференцияны ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Түркістан облысы әкімдігінің бірелесіп өткізеді. ...

Толығырақ »