Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2024 » Май (страница 14)

Месячные архивы: Май 2024

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ПОЛИЦИЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ АЙТЫЛДЫ

Түркістан облысы Полиция департаменті Сайрам аудандық полиция басқармасы жедел-криминалистикалық тобының криминалистері Сайрам ауданы «А.Исмаилов» атындағы мамандандырылған көпсалалы коледжінің студентеріне дәріс өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл дәрісті өткізудегі мақсат- жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға қатысты қылмыстың алдын алу. Сонымен қатар полицей мамандығына қызығушылық танытқан студенттерге криминалистика саласында атқарылып жатқан жұмыстар ...

Толығырақ »

АЗАМАТТАРДЫҢ АМАНДЫҒЫ ҮШІН: ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨМІРЛЕРІН ҚАТЕРГЕ ТІГІП, КҮДІКТІНІ ҚҰРЫҚТАДЫ

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы патрульдік полициясының қызметтік автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы тарады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жайт 9 мамырда орын алған. Масаң хәлдегі ер адам Түркістан облысында біреудің көлігін ұрлап әкетіп, жолда авариялық жағдай туғызған. Оқыс оқиғаны болдырмау үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оның жолын ...

Толығырақ »

«ANTI-FRAUD» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

“Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында полиция қызметкерлері ақпараттық жүйені қолдана отырып, интернет-алаяқтық және ұрлық фактілері бойынша бұрын жасалған қылмыстық істерді ашу бойынша шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2024 жылдың 14-16 мамыр аралығында аудан аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шараның мақсаты – ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ШОТЫНА ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДЕН АЛҒАШҚЫ ЖАРНАЛАР ТҮСТІ

«Азаматтарға арналған үкімет» 2024 жылдың төрт айында 59 млрд теңге мөлшерінде 1,7 млн төлем өңдеді. Бұл сома биыл алғаш рет енгізілген жаңа төлемнің – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының сомасы. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған әр қызметкер үшін табысының 1,5% мөлшерінде төленеді. Жарна алдымен «Азаматтарға арналған үкіметтің» шотына түседі. Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік Кодекстің 17-бабына ...

Толығырақ »

Полиция жоғалып кеткен жасөспірімді тапты

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 13 жасар ұлы үйге қайта оралмағанын айтып, көмек сұраған. Полицейлер хабарламаны бірден тіркеуге алып, жоғалған баланы табу үшін толық жұмылдырды. Тәртіп сақшылары оқиға орны мен оған жақын аумақты түгел тексерді. Жасөспірімнің достары мен сыныптастарынан жауап алды. Іздеуге ауыл тұрғындары қосылды. Нәтижесінде бейнебақылау камерасы арқылы оның жүрген жері анықталды. Яғни тәртіп сақшыларының жедел-іздестіруінің ...

Толығырақ »

Түркістандық полицейлер жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады

Түркістандық полицейлер оқушылармен тәлім-тәрбиелік сұхбат жүргізіп, құқық бұзушылық және тәртіп бұзушылық жол бермей, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға және бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырды. Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік жасын түсіндіріп, оның ауыр зардаптарға алып келетінін, болашақта жақсы азамат болу үшін мектеп кезінен бастап үлгілі тәртіп және білімімен ерекшелену қажеттілігін жеткізді. Адамның өмірі мен денсаулығы, ...

Толығырақ »

«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысында елде насыбай ататындарға қатысты алаңдаушылық білдіріп, насыбайдың денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екенін атап өтті. Үстіміздегі жылдың 18 наурызынан бастап насыбайдың зардабы, оны сату мен қолдану туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп жазады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Осы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен, барлық полиция басқарма және бөлім қызметкерлері жаппай сенбілікке шықты, деп жазады облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпаратық агенттігі. Негізгі мақсат- Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық шарасына қолдау білдіру, табиғат жанашыры ретінде тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосу. Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы ...

Толығырақ »

ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес браконьерліктің жолын кесу мақсатында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мақсаты- балық және балық өнімдерін заңсыз аулау, тасымалдау, сатып алу немесе өткізуге қатысты экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алуға бағытталған. Ордабасы ауданында Арыс өзені, Бөген су қоймасы мен кішігірім каналдарда ...

Толығырақ »

Ескі төлқұжатымен жүрген ер адам 57 жасында жеке куәлігін алды

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан облыс аумағында қылмыстың алдын алу, қылмысты болдырмау және қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жүргізілуде. Ескі төлқұжатымен жүрген ер адам 57 жасында жеке куәлігін алды. Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе куәландыру бойынша 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген тұлғаларды анықтап, құжаттандыру мақсатында Сауран ауданының полицейлері қызыл куәлікпен жүрген тұрғынды анықтап, құжат алуына қажетті көмектер көрсетті. ...

Толығырақ »

Теологиялық білім алуда ескеретін мәселелер

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастағанына міне, отыз жылдан астам уақыттың жүзі болды. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Халықаралық деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатындай қабылетті ел болуға ұмтылудамыз. Әсіресе, тарих қойнауында жатқан рухани мұрамыз қайта жаңғырып, өзінің лайықты орнын тапты. Десек те, қоғамда алаңдатарлық келеңсіз мәселелер де жоқ емес. ...

Толығырақ »

Түркістан полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде

Түркістан облысының полицейлері облыс көлемінде қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Облыс полицейлері үшін тұрғындардың қауіпсіздігі, тыныштығы басты назарда. Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан марихуана мен психотроптық заттар тәркіледі. Түлкібас ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, есірткі заттарын сақтағаны және өткізгені үшін 32 жаста жергілік тұрғынды ұстады. Жедел уәкілдер оның тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде, ішінде марихуана мен «мефедронға» ұқсас психотроптық ...

Толығырақ »

Есірткінің зияны және алдын алу

Жақында кәмелетке толмағандар арасында есірткінің күрт өсуі байқалды. Мұның себептері жеткілікті: жасөспірімдер мен жастардың есірткінің денсаулыққа, әлеуметтенуге зиянды әсері туралы хабардарлығының төмендігі; сонымен қатар заңсыз синтетикалық құралдардың болуы; сұраныс. Жасөспірімдер арасында вейп деп аталатын электронды темекілер өте танымал. Вейпинг-жастар арасындағы жаңа ағым, темекі шегушілер топтарға бірігіп, күн сайын жетілдірілетін жаңа дизайн мен жаңа хош иісті қасиеттерге ие болатын әртүрлі бу құрылғыларын сатып алады. Электрондық темекі ...

Толығырақ »

Полиция қызметкерлері өз жұмыс орындарынан бөлек, іргелес аумақты абаттандыруды дәстүрге айналдырған

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен, барлық полиция басқарма және бөлім қызметкерлері жаппай сенбілікке шықты, деп жазады облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпаратық агенттігі. Негізгі мақсат- Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық шарасына қолдау білдіру, табиғат жанашыры ретінде тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосу. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Киелі мекен» тақырыбында сенбілік өткізді. Өздеріңізге белгілі, өткен аптадан бері «Таза ...

Толығырақ »

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мүдделі мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп білім беру мекемелерінде ұдайы түрде кездесулер өткізеді. Мұндай кездесудің басты мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды спортқа баулу болып табылады. Осындай жиын №43 жалпы орта білім беру мектебінде де өткен болатын. Оқушыларға есірткінің зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын ...

Толығырақ »

Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Сауран ауданы Ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы Дін мәселелерін зерттеу орталығы маманымен бірлесе отырып Оранғай ауылдық округінде кездесу өткізді, деп жазады didarbek.kz. Қазіргі кезде дінді өздерінің саяси мақсатында пайдаланатындар бар. Бұл мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіреді. Кездесудің мақсаты осындай қатердің алдын алу. Жиынға Бірлік тұрғындар алқабы халықпен жұмыс жүргізу секторының тұрғындары қатысты. Мамандар діни экстремизмнің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын ...

Толығырақ »

ЕГІСТІКТІ СУҒАРУҒА ҚАЖЕТТІ 8 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ КАНАЛДАР АРНАСЫ ТАЗАЛАНДЫ

Ауылдық округ, кент тұрғындарының өтінішіне сәйкес Түлкібас ауданы аумағындағы егін алқаптарына су келетін канал, арықтарды тазалау жұмыстары қарқынды іске асуда. «Казсушар» мекемесінің аудандық филиалы және аудан әкімдігі тарапынан сәуір-мамыр айларында 7,85 шақырым каналдар арнасы механикалық тазалаудан өткен. Тарқатып айтатын болсақ, Тентек бұлақ каналының 2 шқ, Жоғарғы каналының 1,5 шқ, Теріскей-3 каналының 1,65 шқ, Шәулемес каналының 2,7 шқ механикалық тазалау жұмыстары ...

Толығырақ »

Полиция үшін тұрғындардың қауіпсіздігі маңызды

Түркістан облысы орталығындағы тұрғындардың әрбірінің арыз-шағымы, көтерген мәселесі назардан тыс қалмайды. Мәселен Түркістан қаласында полиция мен басқа да тиісті сала мамандарының қатысуымен кезекті жиын өтті, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Онда Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі бойындағы құрылыс заттарын сатумен айналысатын кәсіпкерлерге тауар алып келген жүк көліктерінің қозғалысы мен тұтынушылардың көлікпен бұрылуына кедергі көп ...

Толығырақ »

«I-Shymkent.kz» — қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал

Шымкентте қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал жұмыс істейді. Бұл туралы «Цифрландыру Басқармасының 2024 жылғы I тоқсандағы атқарған жұмысы мен жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы» өткен брифингте Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшыс Кемелов Мұхит Әбуталипұлы баяндады. Спикердің сөзінше, «I-Shymkent.kz» — Шымкент қаласы бойынша қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал. Орталық атқарушы органдарының деректер базаларымен интеграциялау жұмыстарын жүргізу үшін «I-Shymkent» порталын ақпараттық қауіпсіздік ...

Толығырақ »

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ ӨЗГЕРДІ

2024 жылғы 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТЕ «БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша аудандық соттың және полиция бөлімінің қаулыларымен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмысы деңгейін жақсарту мақсатында 2024 жылдың 22-26 сәуірі аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп жазады Келес аудандық полиция бөліміне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Іс шараның мақсаты құқық бұзушылардан салынған айыппұлдарды барынша өндіріп алу, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды уақтылы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов 2037 әскери бөлімінде болып, шекарашыларды «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдығы» мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Темірдей әскери тәртіп пен жылдамдықты, шыдамдылық пен отансүйгіштікті, алғырлық пен жауапкершілікті бір арнаға тоғыстырған мамандық иелерінің тыныс-тіршілігімен, ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРҒА ЭКСКУРСИЯ ӨТКІЗДІ

Жетісай ауданының полицейлері мектеп оқушылары үшін «Қылмыстық жауапкершілік» атты танымдық экскурсия ұйымдастырды. Учаскелік полиция инспекторы Бекмырза Абдурахманов мектеп оқушыларына полиция қызметкерлерінің күнделікті азаматтардың құқық пен бостандығын қорғау барысында қандай үлкен іс-шаралар атқаратынын сондай-ақ қызмет барысында өз өмірін қауіпке қоятын кездерде болатынын түсіндіріп берді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шара барысында жасөспірімдер уақытша ұстау ...

Толығырақ »

3 ЖЫЛДА ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛМЕГЕН ТАҒЫ БІР «ІШІМДІКСІЗ АУЫЛ» АШЫЛДЫ

Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында тұрғын саны 2500-ден асады. Бір-біріне деген сый-құрметі артқан ауылда 6 азық-түлік дүкені бар. Қуанышты жаңалық осы, алдағы уақытта аталған дүкендердің сөресінде арақ-шарап сатылмайды. Өйткені ауыл тұрғындары ішімдіктен мүлдем бас тартты, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл бастаманы дамыту үшін ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция, мәслихат ...

Толығырақ »

«i-Shymkent» 109 бірыңғай орталығына 760 мыңға жуық өтініш түскен

Бүгінде Шымкент қаласындағы «i-Shymkent» 109 бірыңғай орталығы ашылған уақыттан бастап 759 745 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Шымкент қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Цифрландыру Басқармасының 2024 жылғы I тоқсандағы атқарған жұмысы мен жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы» брифингте 109 ситуациялық орталығының басшысы Әміртаев Азат Ермекбайұлы баяндады. Аталған орталықтың басшысының сөзінше, 2024 жылдың 1-тоқсанында 57 921 арыз-шағымдар мен кеңес тіркелді. ...

Толығырақ »