Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ

Қоғамда мүмкіндігі шектеулі болғанымен өмірге деген құштарлығы, сүйіспеншілігі шексіз арманы асқақ жандар аз емес. Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көптеген бағдарламалар әзірленіп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Соның ішінде, мүмкіндігі шектеулі жандарды тегін такси қызметімен қамту маңызды мәселелердің бірі. Осы мақсатта бүгін жергілікті бюджет қаржысы есебінен «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» мекемесінің теңгеріміне мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жабдықталған «Газель» автокөлігі тарту етті.
Осы игі шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді. Аудан басшысы өз сөзінде мұндай арнаулы көліктің алынуына жеке қабылдауда болған азаматтардың өтініштері себеп болғандығын және бұл шара облысымыздағы аудан-қалалардың ішінде бірінші рет біздің ауданымызда жүзеге асырылғандығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл аударуды күшейту керек, бұл азаматтарға көмектесу әрбір азаматтың қоғам алдындағы борышы»,-деген тапсырмасы аясында осындай игі шаралар мұнымен шектеліп қалмайтындығын жеткізіп, автокөлік кілтін салтанатты жағдайда «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» мекемесінің басшысы Сәкен Кішібайға табыстады.
Шарада сөз алған Құрбанкүл Ермекбаева мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, әрдайым көңіл бөліп, қолдау білдіріп келе жатқан ел Үкіметіне және аудан басшысына риясыз алғысын білдірді.
Іс-шарадан соң бір топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар емдік шаралар қабылдау және дәрігерлерге көріну үшін су жаңа көлікпен облыс орталығына аттанып кетті.

Пікір жазу