Қазіргі таңда Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 16- секторға жауапты Сарыағаш ауданы мен Қостанай облысы өздерінің үлесін қосуда.
Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
16 секторға қарасты 671 нысан бар. Бүгінгі күнге 139 үйдің үйлеріне жөндеу жұмыстары аяқталды жəне 302 үйге жөндеу жұмыстары жасалуда.Оның ішінде 8 үйдің құрылысы қайта жасалуда. Осы мақсатқа 5 құрылыс компаниясы тартылған. Атап айтқанда,
-ТОО «Базис К»
-ТОО «Автокопитал-77»
-ТОО «НурСтройСервис»
— ТОО «Жигита»
— ТОО «Ер-Ай-Б».
Аталған құрылыс мекемелерінде
барлығы 356 құрылысшы маман жұмысқа қарқынды кірісіп кетті. Бүгінгі таңда 368 үйге тұрғындардың баспаналарына қосымша материалдық көмек ретінде шатырларын ауыстыруға шиферлер берілуде.
Жалпы 16 секторға қарасты барлық тұрғынға өтемақы ретінде берілетін 100 мың теңгеге құжат қабылдау жұмыстары аяқталып, Арыс қаласының әкімдігіне өткізілді. Нәтижелі жұмыс көрсеткені үшін арыстықтар 16 секторға өз алғыстарын жаудыруда.
16 секторда жұмыс істеп жатқан мамандар мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен, гигиеналық заттармен де қамтамасыз етіп отыр.
Айта кетейік, аудан тарапынан арнайы техникалар бөлініп, секторға қарасты аумақтағы құрылыс қалдықтары мен қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізуде.