50 мыңға тарта тұрғыны бар Сарыағаш қаласына кәріз жүйесін жүргізу ісі басталды. Осыдан жарты ғасыр бұрын шаһар мәртебесін иемденгенімен аудан орталығындағы ахуал экологиялық талаптарға мүлдем сай келмейтін. Ауқымды құрылыс үш жылға жоспарланаған. Оның алғашқы кезеңінде 27 шақырым жерге кәріз құбыры тартылады. Ол үшін мемлекет қазынасынан 2 жарым миллард теңге бөлінген.
Ал екінші кезеңде қаланың шеткері аумақтары да осы жүйеге қосу үшін 790 миллион теңгедей қаржы жұмсалмақ. Мұнан кейін шайынды суларды тазарту ғимараты соғылады. Жалпы сарқынды су жүйесіне шаһардағы 7 мың 900 абонент қосылғалы отыр. Мұнан бөлек әлеуметтік нысандар мен мемлекттік мекеме ғимараттары де осы жүйеге жалғанады.
БЕКЖАН ЕРМЕНОВ — САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ : Бірінші кезекте қазіргі таңда негізінен әлеуметтік нысандар: аурухана, көпқабатты үйлер, мемлекеттік мекемелер алдымен жалғанады. Екінші кезекте ішкі жүйелерге жергілікті Сарыағаш қаласы әкімі аппараты жобалық сметалық құжаттарды әзірлеп жатыр.