Шымкентте жылу беру маусымы басталды деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.
«3-Энергоорталық» Акционерлік Қоғамы әзірге 3 жылу қазандығының 1-уін ғана іске қосып отыр. Өйткені, биылғы күз жылдағыдан едәуір жылы. Алайда мамандар тұрғындардың жылу үшін берешегі азаймай отырғанын алға тартады. Қарыз — 200 млн-нан асып отыр. Қыс ауасында болатын қиындықтарды болдырмау үшін борышкерлермен түсіндіру жұмыстарын да жүргізіпті.
Жылыту маусымы қала әкімі Ерлан Айтахановтың өкімімен 25-қазанннан басталған. Мамандар берген мәліметке сәйкес, қазір шаһардағы 476 бюджеттік мекеме жылуға 100 пайыз қосылды. Олар негізінен білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар.
Г. Шадыманова – Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Қалған үйлер 200 үй қалды. Жайлап қосылып жатыр…
Орталықтандырылған жылу жүйесіне 1889 көпқабатты үй қосылған. Қазір соның 1797-сіне ыстық су жіберілді. Дегенмен, маусым бастала салысымен 10 көпқабатты үй мен 200 пәтерде техникалық ақаулар анықталды.
Гүлназ Шадыманова – Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы: 8 үйде ақаулар жөнделді. Қалғандары қалыпқа келтіріліп жатыр… Оған негізі әкімдік өкілдері жауапты.
Шымкенттіктердің қыста бүрсең қақпауы үшін жылуға жауаптылар бар мүмкіндікті қарастырып отыр. Қажетті көмір мен сұйық отын қоры да жеткілікті. Әйтсе де, тұрғындардың жылу үшін берешегі қордаланып қалған. Шымкенттіктер 200 млн. теңге қарыз.
Г.Шадыманова – Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы: Түсіндіру жұмыстарын жүргіздік 2 мың тұрғын қарыз….
Сондықтан, мамандар абоненттерге пайдаланылған жылу төлемақысын уақытылы төлеп тұруды ескертеді. Бұл қыс ауасында болатын қиындықтардың алдын алмақ.