Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН»

«ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН»

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Б.Өтеген, Түлкібас ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Айтымбетовтың қатысуымен, Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылы Абай атындағы мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен «Жастар және дін» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Дінтанушы-теолог маман Қазақстандағы жалпы діни ахуал, деструктивті діни ағымдардың қызметі және олардың қоғамға қатері, экстремизм және терроризм ұғымдары, мәні, көріністер формасын жекелей түсіндіріп, қоғам арасында кереғар діни ағымдардың рөлін, олардың белгілері мен сөз және іс – әрекеттері туралы мәлімет берілді.

Жалпы қазіргі ақпараттық қоғамда ғаламтордың адам өмірінде алар орны ерекше екенін ол арқылы пайдалы ақпараттар мен қатар зиянды жақтарында ескергеніміз жөн.
Сондай-ақ кереғар ағымдарға алданбаудың, оған төтеп берудің бірден бір жолы қазақы салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымыз арқылы қазақ жерінен шыққан ұлы ойшыл ғұлама ғалымдардың еңбектерін жете түсіну, насихаттау.
Дінге қатысты қандай да бір ақпаратты іздеген кезде тек ресми қайнаркөздерден мәлімет алуға және арнайы дін мамандарынан сұрау қажеттілігі туралы айтылды.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан белсенділік байқалып, бірнеше сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға дінтанушы тарапынан жауаптар берілді.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

Пікір жазу