Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » БӘРІ ДЕ СҮЙІСПЕНШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ

БӘРІ ДЕ СҮЙІСПЕНШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ

А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп – лицейінде ақпан айының басында өзін-өзі тану пәні бойынша «Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» апталығы өтті. Аталған шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, бастауыш сыныптар «Руханиялықтың мөлдір бұлағы» атты сурет көрмесін жасады. Негізгі сабақтар іс-шаралар орта буын оқушылары арасында өткізілді.

Өзін-өзі тану пәні бойынша Ақжарқын Қалдыбекова мен Дарья Жмен сабақ берді. Екінші күні өткен кітап көрмесінде «Ел анасы – Сара Алпысқызы Назарбаева» туралы мектеп кітапханашысы Қожахметова Сұлушаш апай оқушыларға толық мағлұмат берді. Қайырымдылық, қанағатшылық және отбасылық құндылықтар, ар-ұят намыс, имандылық туралы сахналық қойылымдарды 6 «а», 6 «ә», 7 «ә» сынып оқушылары шынайы шығарды. Онда бір қарапайым отбасының баласы «Біз неге бай емеспіз, үйімізде итте асырай алмаймыз» деп, ренжулі болады. Бір күні ол мешіттің манайынан өтіп бара жатып қайыр сұрап отырған жас қызды көреді. Одан сұрайды «Неге қайыр сұрап отырсың, жетімсің бе?» дейді. Сонда қыздың жауабы: «Әкем мүгедек, емдетуге көп қаржы керек болып жатыр» дейді. «Біздің үйімізде жоқ. Мешіттің бір бөлмесінде тұрамыз. Бірақ мен өмірге ризамын» деп айтады қыз. Осыны түсінген бала үйіне келіп анасына «Апа, апа, деп айқалап, біз бай екенбіз ғой, кіші болса да үйіміз бар, деніміз сау, осыған да қанағат» деп, апасын бір құшақтап алады.Осы қойылым көптеген оқушылардың ойына ой салды, қатты толғандырды. Осы шараларға мектеп әкімшілігі қатысып,апталықтың жабылуында белсенді оқушылар марапатталды.

 

А.КАЛДЫБЕКОВА,
А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі өзін-өзі тану пән мұғалімі.

Пікір жазу