Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР ЕЛГЕ ҚОЛ ҰШЫН БЕРУДЕ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР ЕЛГЕ ҚОЛ ҰШЫН БЕРУДЕ

Түркістан облысы Жетісай ауданындық әжелер алқасы елде болып жатқан жағдайға өз үлестерін қосу мақсатында Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 700 дана бетпердені тегін табыс етті. Бетперделердің барлығын аудандағы ауылдық округтердегі әжелер тіккен. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Біздің бұл әрекетімізді өзге жас аналар мен ару қыздарымыз қолдауы керек. Кесте тіге алатын қызы бар үйдің адамдары бетперде жоқ деп айтуы ұят. Елге келген нәубетті ел болып жұмыла көтеруіміз тиіс»,- дейді аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева.
Әжелердің қолынан шыққан бетперделер аудандағы осал топтағы азаматтарға тегін үлестірілетін болады.
«Өз тарапымыздан қиын-қыстау күнде қол қусырып отырмай, демеу көрсете білгені үшін ауданымыздың ақжаулықты әжелеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз»,- дейді бөлім басшысы Әділхан Әбжанов.
Айта кетейік, бүгінде ауданда бетперде тапшылығы сезіліп тұрған жоқ. Дегенмен көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілер тарапынан гигиеналық және жеке бас тазалығын сақтау құралдары тегін таратылуда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу