Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН-ТӨЛЕБИ: ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІСІ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

ТҮРКІСТАН-ТӨЛЕБИ: ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІСІ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Төлеби ауданының белсенді азаматы, партия мүшесі, үлкенге құрметін, кішіге ізетін білдіріп келе жатқан Абай елді мекенінің тумасы, жеке кәсіпкер Жабаев Ерболат Көшербайұлы «Biz Birgemiz» акциясы аясында, Кемеқалған елді мекенінің әлеуметтік аз қамтылған 21 отбасына ұн және май өнімдерімен көмек көрсетті. Ауылдық округ тұрғындары өз кезегінде Ерболат Көшербайұлына алғыстарын айтып, атқарып жатқан жұмысына сәттілік тілеп, өркендей беруіне шын ықыластарын білдірді, деп жазады Төлеби аудандық Nur Otan партиясының филиалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға көмектесу үшін Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Biz Birgemiz» акциясы басталғандығы бәріңізге белгілі. Ескере кететін жайт, аталған акция аудан көлемінде тек демеушілердің тарапынан өтетінін назарларыңызға салып отырмыз.
Соның бір дәлелі, Ерболат Көшербайұлының ауылдастарына мейірімділігі мен қамқорлығының белгісі десек болады. Сонымен қатар, Ерболат Көшербайұлы «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Киелітас ауылдық округіне қарасты №17 шағын жинақты бастауыш мектебінің сыртта орналасқан дәретханасын мектеп ішіне орналастырып беруін қолға алып, демеушілік жасап отыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу