Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БАРЛЫҚ ШЕКТЕУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ КЕРЕК

БАРЛЫҚ ШЕКТЕУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ КЕРЕК

Жаһанды жайлаған індет саялы өлкені де айналып өтпеді. Төтенше жағдайға байланысты Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев тұрғындарға үндеу жолдады. Аймақ басшысы тұрғындарды атқарылып жатқан сақтық шаралары мен сырқаттың бүгінгі ахуалымен хабардар етті. Сонымен бірге, барлық шектеулер мен нұсқаулықтарды, талаптарды қатаң сақтауға шақырды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Д.Өмірзақованың материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz».

Төтенше жағдайға байланысты уақытша жұмысынан айырылған азаматтар жәрдемақы талаптарына сәйкес банк бөлімшелерінің алдына көп шоғырлануда. Бұл індеттің таралуына қолайлы мекен болуы мүмкін. Сол себепті сақтық шараларын қатаң ұстануы керек. Ал, жәрдемақы үшін төленетін жарнаны мобильді қосымша арқылы да төлеуге болады. Осы жөнінде халықты құлақтандыру қажет.

Өз кезегінде аудан әкімі көптің көңіліне күдік ұялатқан дертке қасқая қарсы тұрып, қызмет етіп жатқан азаматтарға алғысын білдірді. Ұлт саулығын басты орынға қойған дәрігерлердің еңбегін ерекше атап өтті. Бұдан бөлек, төтенше жағдайда өз амандығынан халықтың қамын жоғары қойған барлық қызметкерлерге ыстық ықыласын білдірді.

Өкінішке орай, Сарыағаш ауданында аты жаман ауруға шалдыққан 1 азаматша тіркелді. Қазіргі таңда, науқастың тұрғылықты мекен жайы карантинге жабылды.

 

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу