Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫНДАР АУЫЛЫН ІНДЕТТЕН ҚОРҒАУҒА КІРІСТІ

ТҰРҒЫНДАР АУЫЛЫН ІНДЕТТЕН ҚОРҒАУҒА КІРІСТІ

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би елді мекенінің халқы өз ауылына өздері иелік жасап, індеттен сақтану шараларын жасауда. Олар өз күшімен ауылдың кіреберіс көшелеріне қақпа орнатып, кірген шыққандардың денсаулығын тексеруде. Сондай-ақ әрі-бері өтетін автокөліктерді де дезинфекция жасайды. Ал ауыл ақсақалдары болса, жағдайы нашар отбасыларға қайырымдылық ұйымдастыру және дүкендердегі азық түлік бағасының көтеріліп кетпеуін қадағалауға алған. Бұл шаруаны ауыл жастары тәулік бойы кезектесіп атқарады. Елді мекенге кіріп шыққан әрбір көлікті арнайы сұйықтықпен жіті тазартады. Ол үшін мақта мен бау бақша зиянекстеріне қарсы дәрі шашу кезінде қолданып келген құралдарды пайдаланып отыр.

Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» хабарлайды.

БЕК ӨСЕРБЕКОВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Сақтану есебінде көріп тұрсыздар шашып жатқан ыдысы бұрынғы қауынға дәрі шашатын. Соны алып, ауылдан ел болып ақша жинап, хлорын алып, келген машиналарды дезинфекция жасап жатырмыз.

Қазыбек би ауыл округінің құрамында 5 елді мекен бар. Ауылдардағы 12 азық-түлік дүкені тұрақты жұмыс істеп тұр. Тауар бағалары да бұрынғыша. Қысылтаяң сәтті пайдаланып, заттарды қымбаттағысы келгендерді ақсақалдар алқасы ортаға алып,  жөнге салады.

Азық түлік жетіспеушілігі болып жатқан жоқ. Баға тұрақты. Шекті модельден асып жатқан баға жоқ. Азық-түлік  ауылға тұрақты түрде келуде.
«Қазыбек бидің» белсенділері жоқ-жітік, жалғызілікті, табысы аз  ауылдастырының жағдайын да ұмытқан жоқ. 11 мыңнан астам халық тіршілік ететін округте 120-ға тарта жағдайы төмен отбасы тіршілік етеді.  Оларға ауылдағы қалталы кәсіпкерлер, іргелі шаруа қожалықтар, тіпті туған жерден жырақта жүрген  перзенттеріне дейін жәрдем беруде.
МАХАНБЕТ АЙТБАЙ АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  Отбасы нашар отбасыларға  көмектер көрсетілуде. Сонымен қатар Жетісай ауданындағы ауруханада ем алып жатқан азаматтарға да көмек беруге дайындалып жатырмыз.
Жетісай ауданы бүгінгі таңда өңірдегі ең ірі індет ошағына айналып отыр. 20 азамат вирустың құрығына іліккен. Ауыл азаматтары осындай қысылтаяң кезде жергілікті биліктің көмегіне иек артпай-ақ өз  күшімізбен сырқаттан сақтанымыз деп осылай  тынымсыз әрекет етіп жатыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу