Төтенше жағдай режимі облыс аумағындағы барлық аудан-ауылдарда да қатаң сақталуы қажет. Себебі, тәртіп баршаға бірдей. Сол себепті Шардара ауданында бүгінде бақылау күшейтілді. Тұрғындардың себепсіз қала аумағында жүруіне қатаң тиым салынуда. Ескертуді ескермеген азаматтар әкімшілік жазаға тартылады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Тұрғындарға қажетті азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға, медициналық мекемелерге шығуына рұқсат етілген. Оның ішінде дүкендер азанғы сағат 9.00 ден кешкі 20.00 ге дейін жұмыс істеуі керек. Алайда, Шардара қаласында тәртіпке бағынғысы келмейтін бірнеше кәсіпкер ұсталып, карантин режимін сақтамаған үшін әкімшілік жазаға тартылды. Оған қоса бағаны себепсіз көтергені үшін 250 мың теңге айыппұл салынған.
Бауыржан Шомпиев — Шардара ауданы әкімінің орынбасары: Бүгінде қала аумағын дезинфекциялау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары мен балалар ойын алаңшалары да арнайы санитариялық сұйықтықтармен тазалануда. Айта кетерлігі, қалада тәртіп күшейтілгелі азаматтардың қала аумағында себепсіз жүруі азайған. Оаған қоса баға да тұрақталып, керісінше арзандаған. Нан бағасы 75 теңгеге, жұмыртқа 28 теңгеден сатылуда.
© DIDARBEK.kz