Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті арыстықтар!

Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің нұрымен шуақ алып келетін бұл мерекенің халқымыз үшін маңызы өте зор. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі адамзаттың ең игі істерінің негізі болып табылатын «Бірлік» атты ауқымды түсінікті насихаттайды. Өйткені біз БІР мақсат, БІР мүдде, БІР болашақ жолына жұмылған елміз.
Бүгінгі таңда әлемдік ортада өз орны бар-Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы – халықтар бірлігінде десек, жетістіктеріміздің кілті де — сол жарастықты ынтымағымызда жатыр.
Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық ағайын!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың барлық табыстары мен жетістіктері ұлт пен діни сеніміне қарамастан, барлық қазақстандықтардың Ұлы мызғымас достығының нәтижесі.
Біз, барлық этностық топтардың мәдениетін, дәстүрлерін, салттарын, тілдерін сақтап дамытуға, біздің бай ортақ тарихи мәдени-мұрамызды сақтауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруға тиіспіз.
Бұл ел ішіндегі тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімнің өркендеуі мәңгілік болуы үшін қажет.
Қаламызда жиырмаға жуық ұлт өкілдері тату-тәтті тіршілік етуде. Олар өз бақытын Арыс қаласынан тапқан. Атап айтқанда, славян, өзбек, татар-башқұрт және иран-әзірбайжан этномәдени орталықтарының өкілдері қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Барлығының көздеген арманы — Қазақстанның гүлденіп көркеюі.
2019 жылы 24 маусымында қаламызда орны алған техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде ел болып, елдігімізді көрсетіп, бірлік пен бауырмалдықтың арқасында, қиын кезеңді еңсердік. Биыл әлемді жайлаған коронавирустық инфекция алып келген зардаптарды да бірлік пен ынтымақтың нәтижесінде еңсеріп келеміз.

Қымбатты жерлестер!

Бірлік пен достықтың мерекесі құтты болсын! Көп ұлтты мемлекетіміздің Көк Туы желбіреп, Әнұранымыз асқақтай түссін! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт- береке, туған жерімізге бейбітшілік пен шаттық тілеймін.

Ізгі ниетпен, Арыс қаласы әкімі
М.Қадырбек

 

Пікір жазу