Жазғы демалыстар жақындап келеді. Балалардың көбі демалыс, сауықтыру лагерінде демалады, туристік жорыққа қатысады, спортпен шұғылданады, суға шомылады. Бірақ сумен ойнау қауіпті. Жүзе білмеу, суда болу ережесінің тәртібін сақтамау, желігу қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін.Сондықтан су айдындарында жүзу ережелерін, қауіпсіздік жөнінде қайта ескерткен артық болмайды.
АТА-АНАЛАРҒА ЖӘНЕ МҰҒАЛІМДЕРГЕ!
Егерде суға демалуға балалармен келсеңіздер, олар туралы ұмытпаңыздар. Жүзе білмейтін балаларға белден асатын суға түсуге тыйым салынады. Судағы демалыстың ұйымдастырылуын ойластырыңыздар. Балаларға суда және су маңайында тәртіп үлгісін және мәдениетін үйретіңіздер. 12 жасқа дейінгі балалар шомылуға тек қана үлкендермен жіберіледі. Бақытсыз жағдайлардың болуының негізгі себебі — балалардың суда жүзе белмеуінде және тыйым салынған әлде танымайтын жерлерде шомылуларынан. Соңғысы балаларды үлкендердің бақылаусыз қалдыруына байланысты. Балалармен судағы болған бақытсыз жағдайлардың көбі олардың су айдындарында жалғыз қалуларынан болады.
Есте сақтаңыздар, балалардың шомылуы үлкендердің бақылауында болу керек!
©Арыс ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі