Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тағылым » ҰОС АРДАГЕРІ: МҰРАТОВ КӘЛМЕН

ҰОС АРДАГЕРІ: МҰРАТОВ КӘЛМЕН

Екінші дүние жүзілік соғысқа Ордабасы ауданынан аттанған 5 мыңға жуық жауынгерлер аттанған. Бүгінде елге оралғандардан арамызда санаулы ғана ардагер қалды.

Мұратов Кәлмен — 1924 жылғы 21-ақпанда Арыс ауданы, Бөржар ауылдық Кеңесіне қарасты И.В.Сталин атындағы колхозда туылған.

1942 жылғы 1-тамызда «Бірлік» орталау мектебінің 6-сыныбында оқып жүргенінде әскерге шақырылды. Аягөзде командирлік курста алты ай оқып, сержанттық шен алды.

1942 жылғы желтоқсаннан 1943 жылғы қазанға дейін Серкопольда сарбаздарды соғысқа даярлады. Қарашада Бірінші Белорусь майданында неміс басқыншыларымен алғашқы ұрысқа түсті. 1944 жылғы ақпанда Витебск қаласында, 1-разьезде жау қорғанысын бұзу үшін болған шайқаста сол қолынан жараланып, Горькийдегі Дзержинскийдегі госпитальдарда емделіп, ауылына екінші топтағы мүгедек болып оралды.
Теміржолда ұзақ жыл еңбек етіп, «Коммунистік еңбек екпіндісі», «Оныншы бесжылдықтың екпіндісі», «Социалистік жарыс жеңімпазы» атанды. «Құрмет белгісі», I дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 ж.ж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері», «Астанаға 10 жыл» және көптеген мерекелік медальдармен марапатталған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу