Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЛЕНГЕРКА ӨЗЕНІНІҢ ТАСУЫ БОЙЫНША ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

ЛЕНГЕРКА ӨЗЕНІНІҢ ТАСУЫ БОЙЫНША ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

06.05.2020 жылы сағат 18.00 шамасында Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы «Ленгерка» өзенінің су деңгейі нөсер жаңбырдың салдарынан 3 есеге көтерілуіне байланысты жедел штаб құрылып, анықтау жұмыстары жүргізілді. Аталған өзен бойындағы Жамбыл көшесіндегі 2 үйге су кірген, сонымен қатар Жамбыл, Сейфуллин, Төлеби, Сәулембаев, Таскешу көшелеріндегі 6 сарай, 16 ауланы, 1 гараж, 1 монша, 1 жазғы асхананы су шайып өтті.
Одан бөлек, аталған өзен бойындағы Жаңаұйым елді мекеніндегі Бекбауов және Ленгер қаласындағы Қырықбаев, Энергетика, Күмістөбе көшелеріндегі газ құбырына зақым келуіне байланысты жалпы 121 тұрғын үй газ жүйесінен уақытша ажыратылды.
«Көктерек» су жинау имаратының жұмысы тоқтатылып, Ленгер қаласының шығыс бөлігіндегі 3200 абонент «Александровка» су жинау имаратындағы №1, 3 скважиналар арқылы уақытша ауыз сумен қамтамасыз етілуде.
Құтқару жұмыстарына аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық полиция бөлімі, «Қазселденқорғау» мекемесі тарапынан 126 қызметкер, 31 арнайы техника, 14 мотопомпа жұмылдырылды.
Келтірілген залалдарды қалпына келтіру жұмыстары құрылған жұмысшы топ тарапынан жалғасын табады.

©Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу