Мектеп бітіргеніне 20 жыл болған келестік түлектер мақтаралдықтарға көмекке келді, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне DIDARBEK.kz.
Мектеп бітіргеніне 20 жыл болған Келес ауданындағы №1 О.Есимов мектебінің түлектері Мақтаарал халқына көмекке келді. Жалпы 650 мың теңге қаржы жинаған түлектер Келес ауданына бекітілген №44 Ә.Науаи мектебіндегі эвакуациялық пункттегі 600-ден астам тұрғынға түстік және кешкі ауыз ашарға тағам дайындап, керекті азық-түлік, киім-кешек алып келіп, үлестірді.
Қасиетті айда қайтыс болған ұстаздары мен сыныптас достарына арнап мақтаарлдағы тұрғындармен Хатым Құран түсіру ниетінде келегенін де жасырмады. Сонымен қатар, түлектермен бірге Абай ауылындағы Шығыс мөлтек ауданының тұрғындары да сауапты іске қол ұрып, қиын сәтті бастан өткеріп жатқан мақтаарлдықтармен бірге екенін көрсетті.
Айта кетейік, 2020 жылғы 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр.
© DIDARBEK.kz