Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕРЛЕУДЕ

ОТЫРАРЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕРЛЕУДЕ

Отырарлық құқыққорғаушылар әркез аудандағы қоғамдық шаралардың басынан табылып жүр. Полиция полковнигі Бақыт Мыңжасаров басқаратын ұжымның 50 қызметкері ерікті түрде Донор күнінде қан тапсырып, өзгелерге үлгі көрсеткен болатын.
Бүгін «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясына отырарлық полицейлер өз үлестерін қосып, аудандағы көп балалы және аз қамтылған 40 отбасыға біржолғы азық-түлікпен қамтып отыр.


Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқығын қорғаушы полиция қызметкерлерінің қасиетті айдағы қайырлы істері мұнымен шектелмейді. Бөлім бастығы Бақыт Тілекұлы алдағы уақытта да аз қамтылған отбасыларға құқықтық қолдау көрсету, азық-түлікпен қамту секілді жұмыстарды атқаратындығын айтып өтті.


7 мамыр – ҚР Отанқорғаушылар күнімен тұспа-тұс келген қайырымдылық шарасында «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман партия бастамасымен қолға алынған жобаларды жүзеге асыруға қолдау білдірген мекеме ұжымына алғысын білдірсе, аудан тұрғындар тілегін батамен жаудырды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу