Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЛЕНГІРДЕГІ СЕЛ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛАДЫ

ЛЕНГІРДЕГІ СЕЛ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛАДЫ

Бүгін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен тасқын зардаптарын жою жөніндегі құрылған жедел штаб отырысы өтті. Штаб жиынында аудан басшысы «Ленгерка» өзенінің арнасынан асуынан орын алған төтенше жағдай залалдарын толықтай жоюды тапсырды, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Дәл қазіргі уақытта аталмыш жұмыстарға аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық полиция бөлімі,«Қазселденқорғау» мекемесі тарапынан 126 қызметкер, 31 арнайы техника, 14 мотопомпа жұмылдырылған. Көршілес Сайрам, Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көмекке келді.

7 мамыр сағат 8:00-ден бастап, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары жетекшілік ететін 4 жұмысшы топ сел салдарынан келтірілген залалдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін болады. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан шұғыл ақпараттар қабылдау үшін Төлеби ауданы әкімдігінің жедел штабының tolebi_kom@mail.ru электронды почтасы мен 8(725 47) 6-11-42 байланыс нөмері тәулік бойы қызмет көрсетуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу