Сайрам ауданында зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны 43 мыңға жуық, әлеуметтік төлемдер (42500 т) алатын 65000 азамат және жалпы 1859 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
Мемлекет тарапынан осы төлемдер әр айдың басында жеке есеп шоттарына түседі.
Екінші деңгейдегі «Halyk» банктің аудандық бөлімшесінде, банкоматтарда, «Қазпошта» АҚ-ның аудандық филиалында аудан тұрғындарын топтап шоғырландырмау мақсатында арнайы полиция, әкімдік, еріктілер, әскери қызметкерлер, банк және пошта бөлімшелерінің жауапты мамандары жалпы 100-ге жуық азаматтар жұмыс жасауда.
Кезекте тұрушы азаматтар арасындағы ара қашықтығы 2 метрді сақтайтын сызбалар жасалынып, азаматтар арнайы кезекке қойылып, қызмет алу үшін бетпердемен кіргізілуде.
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезеңіндегі талаптарды сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданның орталық Жібек жолы, Абылайхан көшелеріне және банк, пошта бөлімшелерінің көшелеріне арнайы рұқсат қағазы бар көліктер кіргізілуде, қалған көлік қоғалысына уақытша шектеу қойылған.
«Халық банкі» аудандық бөлімшесінде, банкоматтарда және «Қазпошта» АҚ-ның аудандық филиалында барлық санитарлық талаптар сақталып, антиспетік құралдары орналастарылып, залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
© DIDARBEK.kz