Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » 256 ЖЫЛ ӨМІР СҮРГЕН

256 ЖЫЛ ӨМІР СҮРГЕН

ли
Қытайда ең ұзақ өмір сүрген адамның есімі белгілі болды. Ли Цинъюнь екі жүз жылдан аса өмір сүрген.
 
Қытайлық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ли Цинъюнь 1677 жылы Сычуань провинциясына қарасты Цицзянсянда дүниеге келген. Ол өмірінің көп бөлігін Сычуаньдағы тауларда емдік шөптер жинап, ұзақ өмір сүрудің қыр-сырын түсінумен өткізеді.
 
Ол 256 жасына қараған шағында, 1933 жылы қайтыс болған.
 
71 жасында Ли Цинъюнь әскери кеңесші әрі жекпе-жек үйретушісі ретінде Қытай армиясына келеді. Ал 179 жыл өткен соң, 1927 жылы Ли 43 жастағы генерал Янь Сенмен кездескен. Генерал қарияның тым жас көрінетініне және оның күш-қуатының молдығына таң қалған. Әскери басшының үйінде түскен қарияның суреті бүгінге дейін сақтаулы.
 
«Оның көздері жақсы көретін, қадамы да нық. Бойы 7 футтай болады және тырнақтары ұзын», – деп жазады генерал өзінің 250 жастағы қонағы туралы.
 
Қарияның 24 әйелінен 200 ұрпағы қалған. Ол 23 әйелімен бірге өмір сүреді, ал 24-ші зайыбы қария дүниеден өткен соң, жесір атанған.
«Жүрекке тыныштық беріңдер, тасбақа секілді отырыңдар, көгершін сынды ширақ жүріңдер және ит секілді ұйықтаңдар», – деген қария ұзақ жасаудың басты құпияларын айтқан.
 
Ол бүкіл ғұмырында шөптен жасалған қоспалар ішіп, демге арналған арнайы жаттығуларды орындаған.

Пікір жазу