Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қазақстандықтарды отбасы күнімен құттықтады.

Отанының және отбасының қорғаны – тәртіп сақшылары мерекелік құттықауларын жыр жолдарымен жеткізді. Тәрбие тал бесіктен басталады. Ата-ана ұл-қызына іс-әрекетімен үлгі болуы тиіс деп санайтын полиция қызметкерлері үйде де түзде де, азаматтық болмыстың, парасаттылықтың биік үлгісін көрсетуге барын салады. Сол себепті де бала тәрбиелеу ісіне жұмысының ауырлығы кедергі келтірмейді. Керісінше бала тәрбиесіне асқан жауапкершілік танытуға итермелейді.

Себебі, халық алдында адал қызмет етуге ант берген әрбір қызметкер жауапкершілік жүгін жақсы сезінеді. Өмірге келген әрбір бала ана махаббаты мен әкенің қамқорлығына бөленіп, толыққанды отбасында тәрбиеленуі өте маңызды. Сонда ғана азаматтық қоғам қалыптасып, қылмыс орын алмас еді.

Сондықтан ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАРШАҢЫЗДЫ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!!!

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

Пікір жазу