Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » «Қажымұқан әкем еді» деушілер көп болған

«Қажымұқан әкем еді» деушілер көп болған

Қажымұқан ең алғаш рет 36 жасында үйленіпті. Алғашқы әйелі – өзі шын ұна­тып қосылған және мұсылманша некесін қиып, «Бәтима» деп ат берген Надежда Чепковс­кая. Палуанның бұл әйелден көрген баласы – Халиолла. Ал екінші әйелі – Ырыстыдан София, Рәшида, Әзия атты үш қызы болған. Үшінші әйелі – әмеңгерлікпен үйленген Мінәйімнен ұлы Айдархан туылады. Соңғы рет үйленгенде палуанның жасы – 75-те, ал әйелі Бибі­жан 32 жаста болған көрінеді. Бибіжаннан Жанәбіл атты ұл сүйген.

Бұлар – палуан әйелдерінің жалпы жұртшылыққа белгілісі ғана. Негізі, бірқатар әңгімелерде Қажымұқанның көп әйел алғандығы айтылады. Мысалы, сондай әйелдерінің бірі ноғай қызы болған көрінеді және одан палуанның Мұхтар атты ұлы болса керек. Сол сияқты «Қажымұқан орыстан да, башқұрттан да, тіпті француздан да әйел алған» деген әңгіме бар. Бұлай дейтініміз, әр жылдарда палуанды «әкем еді…» деп әлемнің әр түкпірінен арнайы іздеп келгендер кейінгі жылдарға дейін толас­та­ма­ған көрінеді. Мысалы, 1960 жылы Нико­лаев деген палуан өзін «Қажы­мұқан­ның баласымын» деп жария­лаған. Сол сияқты Қажымұрат деген біреу «Қажымұқан әкем еді» деп, 1970 жылдары Башқұртстан­нан келіпті.

Ал «Караван» газетінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі нөмірінде жарияланған мақалада Қажымұқанның немересі Шат­тық Айдарханұлы 1996 жылы атасының Франциядағы «балаларынан» шақырту алғандықтарын, бірақ әкесі Айдарханның «буржуйларға барудан үзілді-кесілді бас тартқандығын» айтады. Мұндай жағдай­лар өте көп болған. Мүмкін, оның барлы­ғы бірдей шындыққа жанаспайтын да шығар. Өз атын шығару үшін әркімнің Қажымұқан есімін пайдалануға тырысуы да мүмкін ғой. Ал енді «Қажымұқан неге көп әйел алған» десек, бұл жақсыдан ұрпақ алып қалуға тырысқан баяғы дәстүрдің көрінісі болуы мүмкін. Екінші жағынан, алты құрлыққа есімі аян Қажымұқандай атақты тұлғаға көрсеткен құрметі есебінде әрі онымен туыстық байланыс орнату мақса­тын­да да жұртшы­лық түрлі әрекеттерге барған сыңайлы.

Дереккөз: alashainasy.kz

Пікір жазу