Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » Қасқырдың етіне жерік болған Кабира ана

Қасқырдың етіне жерік болған Кабира ана

Аты аңызға айналған палуан Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы ел ішінде әңгіме көп. Бабаның қарашаңырағында туып-өскен соң ес білгелі палуанның үйіне бас сұққан ғалымдардың, шырақшы болған марқұм Есболған атам мен Науат әжемнің әңгімелеріне қанықпын.

Қажымұқанның анасы Кабира әжесі Айсары секілді палуан болмағанмен, атақты батыр-палуанның ұрпағы, ірі денелі, бойшаң және етжеңді әйел болған. Қажымұқаннан бұрын егіз ұл тапқанмен, олар ертеректе жаман аурудан шетінепті. Осыдан кейін әжесі Айсары әулие аралап, Алладан Мұңайтпасының соңынан еретін ұл перзент сұрайды.

Көп ұзамай келінінің бойына бала бітіп, Кабира қасқырдың етіне жерік болады. Айсары әже: «Жүрек жұтқан батыр, әлде алып күштің иесі палуан дүниеге келетін сияқты, келінжанның жерік асын тауып әкел» деп ұлын жұмсапты. Айы-күні жетіп, дүниеге алпамсадай ұл келеді. Нәресте 3-4 айлық сәбидей ірі, оң жақ жауырынының астындағы түкті қалмен туылады. Әжесі мұны Баба Түкті Шашты Әзиздің белгісіне балайды. Өкініштісі, Кабира бала үстінде көз жұмып, сәби әжесі Айсарының бауырында өседі. Қажымұқан сегіз жасында-ақ ауылдың 15-18 жасар жігіттерін жығып, Қараөткелдің байларына жалданып жүк тиейді.

Меруерт ЕСКЕРМЕС, Қ.Мұңайтпасов атындағы облыстық спорт музейінің экскурсия жетекшісі, палуанның шөпшегі.

 

Пікір жазу