Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ӘМІРЕ, ИСА ҮШЕУІ ЖАН АЯМАС ДОС БОЛЫПТЫ…

ӘМІРЕ, ИСА ҮШЕУІ ЖАН АЯМАС ДОС БОЛЫПТЫ…

Қазіргі балуандардардың көбі қара күштің ғана иесі. Робот сияқты күреседі, Аруақ ұғымынан ада. Өнерден мақұрым. Ал Қажымұқан өнерді өте жақсы көрген, асыл мен жасықты айырған, жақсының парқын білген. Әміре, Иса үшеуі жан аямас дос болған. Исаның тілінің ащылығы, жұдырығының «жылдамдығы» палуанға «пәле» болыпты. Әсіресе, ішіңкіреп алғанда палуанға «күн көрсетпейді» екен.

Бұл жөнінде Сәбит ағамыз бүй дейді: «Күш жағынан Иса Қажымұқанның шертуіне келмейтін адам ғой, сөйте тұра Иса жағасына жармасқан шақта, тышқаннан қорыққан пілдей Қажымұқан қол қатпастан: «ау, мынаны тоқтатсаңдарсы!» деп (Қажымұқанның ш әрпіне тілі келіңкіремейтін болса керек), күжілдеп бақыра бастайды.

Кейбір құтырынған шағында Иса маяға қонған қораздай болып, Қажымұқанның үстіне мініп алады. Егер Қажымұқан сілкіп қалса, Исаның күл-паршасы шығар еді. Ол өйтпей: «Әй, мынаны қойғызсаңдарсы!» деп бақыра береді». Қажымұқан Исаны осылайша еркелетіпті. Әміренің әнін жаны сүйсініп тыңдайды екен. Соның айғағындай Қажымұқаннан: «Жанымда Иса мен Әміре болса, шіркін, маған одан артық дүниенің керегі жоқ», – деген сөз қалған.

Жадыра Нармаханова
(«Ақ желкен», №8. 2014 жыл)
(Тақырыбы өзгертілді) 

Дереккөз: alashainasy.kz

 

Пікір жазу