Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.
Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.
Бұл тастың салмағы 350 кг. Қажымұқан атамыз 75 жасында Түлкібас ауданында ел аралап, өнер көрсетіп жүргенінде көтерген екен. Ал 48 кг тасты бір қолдан екінші қолға ауыстырып, доп секілді ойнатқан.
Қажымұқан Мұңайтпасовтың жаттығу жасаған салмағы 48 келі кір тасы.
baq.kz