Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаладағы бірегей жоба «Керуен сарай» кешенінің құрылыс барысын көрді.
Наурыз айы ішінде пайдалануға берілуі жоспарланған нысанның құрылыс алаңы 20 гектардан асады.
Бүгінде аталған нысанның инженерлік инфрақұрылым жүйесі жүргізілуде. Соның ішінде, нысанға кіріп-шығу ыңғайлы болу үшін Батырбеков, Әлқожа ата, Ш. Мырзабеков, М. Әбенова көшелерінде жарықшамдар орнату, одан өзге аяқжол, су, кәріз жүйесі мен газ, электр жүргізу жұмыстары іске асып жатыр. Атап айтқанда, Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан Яссы подстанциясынан «Керуен Сарай» кешеніне дейін толық кабель тартылып, Трансформаторлық подстанцияларда құрал-жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Рашид Абатұлы «Керуен сарай» кешенінің облыс орталығына келуші туристерге ғана емес, қала тұрғындары үшін де маңызы зор екенін айтып, инженерлік инфрақұрылымды талапқа сай орындап, кестеге сай атқаруды тапсырды. Көгілдір отынның барлық нысандарға берілуі үшін газ қазандықтарын көріп, дүйсенбі күні газ қосу жұмыстарын ширата отырып, аяқтау бойынша келісімге келді.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу