«АМАNАТ» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөнінде 2021-2025 жылдарға 7 бағытты, 127 іс шараны қамтитын Жол картасы әзірленген.
Жол картада 2022 жылы 94 іс-шараны орындау жоспарланған.
Жол құрылысының жұмысымен танысу мақсатында аудан әкімі,«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Уласбек Сәдібеков, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, партияның Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров және Сайрам аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Баймурза Бейсембаев арнайы барды. Сапар барысында жол құрылысын жасаушы мердігер тарапынан ешқандай кемшілікке бой алдырмай, талапқа сай, уақытылы бітіріу қажеттігі айтылды.
Қазіргі таңда Манкент ауылдық округіндегі аудандық маңызы бар KX-40 «Аксу-Манкент-Жібек-Жолы» аудандық маңызы бар 13 шақырымды құрайтын автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Аталған жолға Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме ретінде «Шымкентдорстрой» ЖШС-і анықталды.
Жобаның сметалық құны 1 млрд. 547 млн. 440 мың теңгені құрайды. Құрылыс нысаны 2022-2024 жылдарға өтпелі.
Бүгінгі таңда Ақсукент ауылдық округіне қарасты Алаш және Манкент ауылдық округінің орталығында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Жол құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Атап айтқанда, ескі жол жамылғысы қырып алынып, жер төсемін тегістеу, тас төсеу, жолды кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Жол жөндеу жұмыстарына 2 грейдер, 2 эксковатор, 2 жүк көтергіш, 8 өзі аударғыш жүк көлігі, 12 ауыр жүк көлігі (HOWO), 2 каток, 1 су тасушы машина және 14 жұмысшы тартылған.
Жоба бойынша жол жиегіне су науалары және жолаяқтар салу жоспарланған.