«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңес пен Партиялық Бақылау комиссиясының бірлескен отырысының мәжілісі өтті. Мәжілісті Кеңес төрағасы – Сағындықов Сихымбай Уалиханұлы ашып, жүргізіп отырды.
бірлескен отырысқа «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Абдикадиров, аудандық мәслихат депутаттары, Кеңес мүшелері қатысып оңды пікірлерін ортаға салды.
Бүгінгі Қоғамдық кеңес отырысына Партиялық Бақылау комиссиясының мүшелері арнайы қатысып мәжілістің күн тәртібіне енген төмендегі мәселелердің есебі тыңдалды.
Алғашқы баяндамада Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының м.у.а Арап Қайрат Әбдрахымұлы тарапынан Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен мектептердің қысқы маусымға дайындық барысы туралы атқарған жұмыстарының есебін берді. Есепті жіті тыңдаған жиынға қатысушылар білім беру саласындағы олқылықтардың орнын толтырып, қысқы жылыту маусымына дайын емес мектептердің жұмысын жандандыру керек деген ұсыныс айтты.
Екінші кезекте Сайрам аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұрболат Абилдаев тарапынан ретсіз қоқыстарды қалыпқа келтіру, дұрыс жолға қою бағытында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Тазалық бәріміз үшін қажет. Соның ішінде қоғамдық тазалықты басты назарда ұстап, елдің дамуы мен өркендеуіне кедергі келтіріп тұратын кесірдің бірі осы ретсіз күл-қоқыс мәселесі екені анық. Осы орайда аудан тазалығына қатысты орынды сыни-пікірлер айтылып, шешілу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ бұл саладағы біраз кемшіліктер назарға алынып, нақты ұсыныстар тілге тиек етілді.