Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес, Тұрбат ауылдық клубында адамдарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету және мұсылман дінінің өміршеңдігін, Ислам дінін насихаттау, өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру мақсатында «Дін- тәрбиенің рухани тірегі» атты іс- шара өткізілді. Іс- шараға ауыл ақсақалдары Бахрам Сабитов, Сабыр Юлдашев, Абдурасул Хамиев және «Ысмайл ата» мешті имамының орынбасары Ишимов Фазлиддин қатысты.
Ісшараның жалпы мақсаты — жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Мұсылман діннің өміршендігін және Ислам дінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру, жастарға экстремизм және террорлық әрекеттердің халық өміріне қауіптілігін түсіндіру, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ балуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Арнайы орындардан келген қонақтар барынша қоғамдағы мәселелерді кеңінен талқылап,экстремизм мен террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднамамен таныстырды. Туралықтан таймау, адал болу,елге, жерге, дінге, отанға деген махаббатпен әрдайым алға ұмтылу жайынды біраз насихаттар айтылды. Жастар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, имам мен сала қызметкерлері жан-жақты жауап беріп отырды. Жиында көптеген тақырыптар аясында біршама ақпаратпен қанық болған оқушылар өз ойларына жауап таба алды.