Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАНДА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТУДЕ

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 28 қазан – Қала күніне орай «Түркістан — Жаңа Қазақстан тұғырында» атты мерекелік іс –шара болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Кештің мақсаты қаламыздың тарихын, мәдениеті мен әдебиетін жастарға кеңінен мағұлмат беру, жастарды кітап оқуға, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс –шара барысында қала қонақтары Түркістан облыстық Фараб кітапханасының «Жаса, жайна Қазақстан!», «Ясауи мұралары және Түркістан қасиеті» атты кітап көрмелерін тамашаласа, Түркістан қалалық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы Исахан Қасымхан «Түркістаным – киелі мекенім», «Отаным менің — Қазақстан» атты өз арнауын мәнерлеп оқып берді.

Түркістан — Қазақ хандығының астанасы болған тарихи, мәдени қала. Тарихқа көз тастасақ, мұнда сан мәрте ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түрлі шешім қабылданған. Ал қалада қазақтың небір ұлы тұлғалары дүниеге келген.

Түркістанның Қазақстан үшін маңызы зор. 2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен Түркістан каласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде атап өтілді. Ол тарихи қаланың дамуындағы айтулы кезең болды. Ал 2002 жылы онда Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайы өтті.

Пікір жазу