Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » Шымкентте екі жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Шымкентте екі жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Шымкентте екі жасөспірім 6 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 2023 жылы 10 мамырда Шымкент қаласы Игілік тұрғын алабының аумағынан ағып өтетін Бадам өзені бойында болған. «Шомылуға келген бір топ бала өзенге кішкентай бала батып кеткені туралы айтады. Алғашқы сәтте бұған сенбеген Ердаулет пен Рамазан оқиға орнына барады. Суда баланың денесі қалғып жүргенін көріп, оны жағаға алып шығады. Рамазан Аманкелдиев бүлдіршіннің іші ісіп, өзі көгеріп келе жатқанын байқап, тез арада реанимациялық іс-әрекеттерге кіріседі. Ол шаршаған сон, қасындағы Ердаулет Шыңғысхан әрі қарай реанимациялық іс-әрекеттерді жалғастырады. Тоқтаусыз жасаған әрекеттері өз нәтижесін беріп, жас баланың ауызынан су шығып, демала бастайды.

Осылайша дер кезінде көмекке келіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен екі жасөспірімнің арқасында кішкентай балапан аман қалды», — делінген баспасөз хабарламасында. Айта кетейік, бүгінгі күннің батырлары қаладағы 128 жалпы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ердаулет Шыңғысхан және оның досы 9 сынып оқушысы Рамазан Аманкелдиев.

Жаз мезгілінің аптап ыстық күндері бас­талғаны қашан. Ыстық күннің сәні жағажай мен дарияға суға шомылу екені баршамызға белгілі. Балалар тұрмақ, ересектерде суға шомылуға асығады. Бірақ су – аса үлкен қауіптің бірі екенін кей жағдайда есімізден шығарып алып, оның салдары орасан зор қасіретке ұшыратып жатады.

Жалпы орын алған суға кету оқиғалары ата-ананың бақылауынсыз, қадағалауынсыз, рұқсат етілмеген жерлерге шомылудан, ескерту тақтайшаларының және балалардың жүзу қабілетінің болмауынан орын алады.

Ата-аналар балаларын суға шо­мылуға жалғыз жібермеуін және арнайы шомылуға рұқсат етілген жерлерге барып, үлкендердің қадағалауымен шомылуын бақылау міндетті.

Пікір жазу