Қазіргі таңда ауданымыздың кәсіпкерлік саласы қарыштап дамып, экономикамыз да, халықтың әл-ауқаты да көтеріліп келеді. Бұл көңіл қуантарлық жағдай. Бүгін, аудан әкімі Исмаилов Азизхан сондай кәсіпкерлік нысанның бірі, барша стандарттарға сай, заманауи — «KHAN» спорттық сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Азизхан Азимханұлы барша аудан тұрғындарын және кешенді тұрғызға кәсіпкерге құттықтау сөзін айтып, ізгі тілектерін жеткізді.
«KHAN» сауықтыру кешенінде спортпен жаттығу үшін қажетті зал, арнайы жүзу бассейні және емдік бу бөлмелері жасалған. Сонымен қатар, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сауықтыру кешені күніне 40 адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы. Ауданымызда мұндай сауықтыру кешенінің ашылуы барша тұрғындардың ортақ қуанышына айналып отыр.