Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов өзінің іс жоспарына сай Сарапхана, Жаңабазар және Жігерген ауыл округтеріне арнайы іссапармен барды. Сарапхана ауыл округінен Талдыбұлақ елді мекеніндегі жүргізіліп жатқан KXKZ-15 KX-29 «Шарапхана-Жаңабазар-1Мамыр» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орта жөндеу жұмыстарын көрсе, Жаңабазар ауылында КХ-44 «Жігерген-Көкібел» облыстық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары мен Ұя өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, Жігерген ауыл округіне барып, Жігерген елді мекенінің Есжанов, Шыршықбаев, Ұйымшыл, Жамашев-Қанатбаев, Ташқұл болыс, Шақпақ көшелерін орта жөндеуден өткізу жұмыстарын көріп, құрылыс басында мердігер мекеме басшыларымен, жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Пікір жазу