Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Азизхан Исмаилов аппарат жиынын өткізді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аталған жиынның күн тәртібінде 3 мәселе көтерілді:
1. Аудан көлеміндегі көп қабатты тұрғын үйлердің, спорт және мәдениет, білім және денсаулық сақтау нысандарының өзекті мәселелері туралы;
2. Аудан көлемінде іске асырылып жатқан және жоспарланған құрылыс нысандары туралы;
3. Әзірленген және алдағы уақытта жоспарланып жатқан жобалық сметалық құжаттамалардың барысы туралы;
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өз ұсыныстары мен нақты тапсырмаларын берді.
Сонымен қатар, орталық Мәдениет сарайында Қазығұрт аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс үшінші сессиясы шақырылды. Сессияға аудан әкімі орынбасарлары Тұрсынқұлов Серік Алтынбекұлы, тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде алты мәселе қаралды.
1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің және Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
2. Қазығұрт ауданы ауылдық округтері әкімдерінің және Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
3. 2023 жылға арналған кондоминиум обьектісін басқаруға және кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
4. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі №6/30-VІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 сәуірдегі №7/34-VІІ «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі аудандық ведомствоаралық штабтың дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі №55/343-VІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.