Қазығұрт ауданының орталығындағы Мәдениет сарайында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс төртінші сессиясы шақырылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған diarbek.kz ақпараттық агенттігі. Сессияға аудан әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №36/163-VІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы №51/315-VІ «Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сонымен бірге, аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы Қарабау, Қ.Әбдәлиев, Жігерген, Алтынтөбе, Қазығұрт ауыл округінен келген 14 тұрғынмен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері және тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Әкімнің қабылдауында болған тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік көмек пен жұмыс тауып беру мәселелер төңірегінде өтініштерін айтса, біраз бөлігі жер, жол жөндеу және жол кедергілерін орнату бойынша сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан басшысы сұрақтарға толыққанды әрі нақты жауап қатып, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына шешімін табуды тапсырды.