Күре жолдарда күндіз-түні көліктер ағылып жатады. Жеңілі де, ауыры да. Мұның өзі жолдың тез жарамсыздануына әкеліп соғады. Ойылған жолдар барлық жердегі сияқты Қазығұрт ауданында да бар. Осы мәселелерді оңды шешу үшін бүгінде ауыл округтеріндегі жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алды.
– Республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен 2,8 млрд. теңге бөлініп, 128 шақырымды құрайтын 50 аудандық маңызы бар жол жөнделуде және елді мекендердің ішкі көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары қызу жүріп жатыр, – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Абдакимов.
Иә, бүгінде «Ауыл–ел бесігі» жобасы аясында Тұрбат ауылдық округі Өндіріс елді мекенінде 8 ішкі көшеге және Қақпақ ауылдық округі Қақпақ елді мекеніндегі 9 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.