Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТ: ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДЕ КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

ҚАЗЫҒҰРТ: ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДЕ КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Қ.Әбдәлиев ауыл округі Аманкелді елді мекені мен Шанақ ауыл округі Ескі Шанақ елді мекендерінде халықпен кездесу өткізді, деп жазады аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, жайылым жер, қоқыс полигондары, балалар алаңшасы, медициналық пунк салу мәселелер төңірегінде сұрақтар мен өтініштер айтылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.
Аталған ауыл округі тұрғындары көкейлеріндегі барша сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып, ауыл ақсақалдары аудан әкімі мен барша қызметкерлерге ел атынан алғыстарын білдірді.
Сонымен бірге, Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы жеке жұмыс жоспарына сәйкес Қазығұрт, Қызылқия, Сарапхана, Алтынтөбе ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері, тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтар жол салу, спорт кешенін салу, әлеуметтік көмек, үй іргелік жер сұрау, ауыз су мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы барша сұрақтар мен өтініштерге заң аясында толыққанды әрі нақты жауап қатып, шешуге болатын мәселелер бойынша ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тапсырмаларын берді.

Пікір жазу