Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында жылыжай шаруашылығын субсидиялауды қолға алып отыр.
Осыған байланысты Қазығұрт ауданының орталығында орналасқан Мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловтың төрағалығымен ауданымыздың жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруалармен «Жылыжай шаруашылығын субсидиялауға қойылатын талаптар мен жылыжайларды стандарттау» тақырыбы бойынша жиналыс өткізілді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жиналыста аталған мәселелер бойынша баяндама жасап, түсіндіру үшін «Техникалық реттеу және метрология Түркістан облысы бойынша департаментінің» басшысы Қабылбеков Қанат Абайұлы және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы Оңтүстік филиалының бөлім басшысы Сарсенова Шолпан Тастанбекқызы қатысты.
Жиналыс барысында ауданның жылыжай шаруашылығымен айналысушы шаруалары «Жылыжай шаруашылығын субсидиялауға қойылатын талаптар мен жылыжайларды стандарттау» ережесіне сай сұрақтар қойып, өз өтініштерін де жеткізді.
Сонымен қатар, шаруалар жылыжай шаруашылығындағы өзекті мәселелер жайлы толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Пікір жазу