Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАҢАТАЛАП ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА НЫСАН БОЙ КӨТЕРДІ

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАҢАТАЛАП ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА НЫСАН БОЙ КӨТЕРДІ

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесі қарсаңында Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округіне қарасты Жаңаталап елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, халық игілігіне тапсырылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атаулы нысан құрылысына облыстық бюджеттен 103 млн. теңге қаралып, 2022-2023 жылдары аралығында құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Фельдшерлік-акушерлік пункттің лента қию рәсіміне аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы барып, жергілікті тұрғындарды құттықтап, қуаныштарымен ортақтасты. Бұл жиынға аудан әкімі орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
Айта кетелік, бұған дейін Жаңаталап елді мекенінде «Батыр бабаларды еске алу» обелиск-тақтасы жергілікті тұрғындардың бірлігінің арқасында жаңартылған болатын. Сондай-ақ, елді мекенде ел жанашырлары мен жеке кәсіпкерлердің есебінен футбол алаңшасы салынып, жақын күндері пайдалануға берілгелі отыр. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы ауыл-аймақтың дамуына үлес қосып, осындай игі іс шараларды ұйымдастырып жүрген бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады және елдің атынан ризашылығын білдірді.

Пікір жазу