Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРИЯҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРИЯҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Қазығұрт ауданына қарасты Қ.Әбдалиев ауылдық округі, Рабат елді мекенінің тұрғыны жалғызбасты қарияға ауыл тұрғындары баспана сыйлады. Игі істі рабаттық Нәлібаевтар отбасы жасаған.
Жаңа баспанаға кіріп қуанышқа бөленген қарияны құттықтау үшін аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, қуанышпен бөлісті. Сонымен қатар, игі бастамаға мұрындық болған отбасыға алғысын жеткізді.
Жақсылық жасаудан жалықпаған бұл отбасының елге тигізген шапағаты аз емес. Бүгінгі күнге дейін де әлеуметтік осал топтағы жандарға жақсылығын тигізіп, көмегін берген отбасыға ауыл тұрғындары дән риза.

Пікір жазу