Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының алтыншы бағыты яғни, тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша және шағын, орта кәсіпкерлік субъектілеріне насихаттау, түсіндіру мақсатында кездесу жиналысы өтті.
Жиналысқа аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Б.Өсербаев, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің аймақтық менеджері Т.Кузенбаев, Қазығұрт ауылы округі әкімінің орынбасары М.Көпеев және кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аудандағы барлық ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту мақсатында, жобаның негізгі мақсаты мен несие шарттары туралы ауыл тұрғындарына түсіндірілді. Жиналыс барысында кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.