Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТ: СЫРЛЫСАЙДА ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ: СЫРЛЫСАЙДА ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНДЫ

Қазығұрт ауданы Қақпақ ауыл округі Сырлысай елді мекенінде Сырлысай жалпы білім беретін мектептің құрылысы аяқталып, халық игілігіне тапсырылды. Атаулы шараға Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысты.
Сырлысай мектебінің құрылысына облыстық бюджеттен 686,0 млн. теңге қаралып, 2021-2023 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын. Сыйымдылығы 200 орынды құрайды.
Атаулы іс-шараға арнайы барып, лента қию рәсіміне қатысқан аудан әкімі Азизхан Азимханұлы ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, қуаныштарына ортақтасты.
— Білім беру саласы ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» — дей келе, — «Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде» — деп басып айтқан болатын.
Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, ұлт болашағы саналатын білімді жастарды тәрбиелеу мен оларды оқытатын ұстаздар қауымының әлеуеті әрдайым біздің басты назарымызда болады, — деді аудан әкімі өз сөзінде.
Сондай-ақ, мектеп құрылысын сапалы аяқтап, пайдалануға беріп отырған мердігер «Altyn LTD» серіктестігіне тұрғындар атынан алғысын білдірді.

Пікір жазу