Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаилов аппарат мәжілісін өткізді. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аталған жиынның күн тәртібінде 5 мәселе көтерілді:
1. Күзгі көшет егу жұмыстарының барысы туралы;
2. Ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің 9 айда болжамды орындалуы және бюджет қаражатының 9 айдың қорытындысымен болжамды игерілуі туралы;
3. Аудан әкімі аппаратына түскен арыз-шағымдар және хаттардың орындалу барысы туралы;
4. «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске асырылып жатқан жобалардың барысы туралы;
5. 2023-2024 жж Күз-көктемдегі су тасу кезеңіндегі суды қауіпсіз өткізу іс-шарасы туралы;
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өз ұсыныстарын айтып, нақты тапсырмаларын берді.
Сонымен бірге, Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы жеке жұмыс жоспарына сәйкес Қазығұрт, Алтынтөбе, Қызылқия, Қақпақ, Қарабау, Қ.Әбдалиев және Шанақ ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері, тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтар ауыз су, жер мәселелері, әлеуметтік көмек түрлері, жеке баспана, электр бағаналарын ауыстыру мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы барша сұрақтар мен өтініштерге заң аясында толыққанды әрі нақты жауап қатып, шешуге болатын мәселелер бойынша ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тапсырмаларын берді.