Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов жеке жоспарына сай Қазығұрт, Қақпақ, Сарапхана, Қызылқия, Жаңабазар, Қарабау, С.Рахимов, Жігерген, Қ.Әбдалиев және Тұрбат ауыл округтеріне арнайы іссапармен барып, бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Іссапар кезінде Қазығұрт елді мекені «Шығыс» мөлтек ауданының 250 га аумағына инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысын, Сарапхана, Қақпақ, Қызылқия, Қарабау, С.Рахимов, Жігерген, Қ.Әбдалиев ауыл округтерінде елді мекеннің ішкі көшелерін орта жөндеу жұмыстарын, Тұрбат және Шанақ ауыл округіндегі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстарын көрді. Сондай-ақ, Тұрбат, С.Рахимов, Сарапхана және Қ.Әбдалиев ауыл округтерінде жүріп жатқан мектеп құрылыстары мен танысса, Шанақ ауыл округіндегі газдандыру, С.Рахимов пен Жаңабазар ауыл округтерінде жүріп жатқан электр желілерінің құрылысын бақылады. Іс-сапар барысында аудан әкімі мәдениет нысандарының құрылысы барысын да көрді. Нысан аралау кезінде мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, өзінің және халықтың ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Пікір жазу