Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ТӨРТІНШІ ТОҚСАН: АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

ТӨРТІНШІ ТОҚСАН: АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төртінші тоқсандағы халықпен жүздесу жиындары басталды, деп жазады аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Алтынтөбе ауыл округі Аққұм елді мекенінен басталған кездесу, Жаңабазар ауыл округі Жылыбұлақ елді мекенінде жалғасын тапты. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, жайылым жер, қоқыс полигондары, балалар алаңшасы, медициналық пунк салу мәселелер төңірегінде сұрақтар мен өтініштер айтылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.
Аталған ауыл округі тұрғындары көкейлеріндегі барша сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып, ауыл ақсақалдары аудан әкімі мен барша қызметкерлерге ел атынан алғыстарын білдірді.
Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаилов аппарат мәжілісін өткізді. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы және қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аталған жиынның күн тәртібінде 3 мәселе көтерілді:
1. Ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің 9 айда болжамды орындалуы және бюджет қаражатының 9 айдың қорытындысымен игерілуі туралы;
3. «Жастар» ресурстық орталығының 9 айда атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы;
4. 2023-2024 жж. күз-көктемдегі су тасу кезеңіндегі ағын суды қауіпсіз өткізу іс-шарасының орындалуы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өз ұсыныстарын айтып, нақты тапсырмаларын берді.

Пікір жазу