Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » Күзгі жиын-терім науқаны табысты аяқталды

Күзгі жиын-терім науқаны табысты аяқталды

Қазығұрт ауданының егіс алқаптарында күзгі жиын-терім науқаны аяқталды. Биыл аудан бойынша 43906,3 гектар алқапқа астық егіліп, өнім түсімділігі 21,2 центнерден айналды. Бұл –  93081,3 тонна астық бастырылды деген сөз!
Таратып айтқанда, 31164,5 гектар алқапқа бидай егілген. Бидайдың әр гектарынан 22 центнерден өнім алынды. Ал, 12741,8 гектарға егілген арпаның әр гектарынан 19,3 центнерден өнім алынды. 12185,9 гектар мақсарының әр гектарынан түскен өнім 10,7 центнерден айналды.
Жер ырыздығын шашпай-төкпей жинап алған шаруалар мал азығын дайындау жұмыстарын да қарқынды жүргізді. Өңірде 323,6 тонна мал азығы дайындалды. Нақтырақ айтқанда, 55,6 мың тонна табиғи шөп, 200 мың тонна жоңышқа, 2,0 мың тонна пішендеме, 66,0 мың тонна сабан жиналды.
Сондай-ақ, аудан диқандары қияр, қызанақ, картоп, пияз, сәбіз, басқа да көкөністерді молынан өсірді, нәтижеде 15800 тонна көкөніс дайындалды.
– Қызылқия ауылдық округінде «Aqniet qardens» ЖШС сыйымдылығы 2000 тонналық, ал,  Қақпақ ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер «Мүсірәлиев Т» меншігінде сыйымдылығы 100 тонналық қойма бар,– дейді аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.Қалдыкөзов.

Пікір жазу