Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында биыл экономикалық өрлеу басым. Жалпы аудан орталығында 116 577 адам өмір сүреді. Биыл Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа кезекті Жолдауында еліміздің алдағы уақыттағы даму бағыттарының негізгі міндеттері айқындалып, елдің әл-ауқаты мен экономикалық қуатын еселейтін маңызды міндеттер жүктелген болатын. Осы тұста аудандағы өткен жылғы атқарылған істер мен 2023 жылға жоспарланған жұмыстарға легін айта өтсек. Жалпы аудан аумағы 409,1 мың гектарды құрайды, деп жазады aimak.com.kz-ке сілтеме жасаған didarbek.kz.
Ауданның ішкі кіріс көздері өткен жылы 4,9 млрд. теңгені құраса биыл 5,2 млрд. теңгеге орындалып, 104,9%-ды құрады. 2023 жылға жоспар 6,1 млрд. теңгеге бекітіліп, І-тоқсан қорытындысымен 1,5 млрд. теңгеге немесе 119,8 пайызға орындалды (3 айлық жоспар 1,3 млрд. теңге). Былтыр жылға аудан бюджеті 25,3 млрд. теңге болып қалыптасып, жыл қорытындысымен 25,2 млрд. теңгеге немесе 99,8 пайызға игерілді. Аудан бюджетінің 2023 жылға жоспары 11,2 млрд. теңгеге бекітіліп, 1 сәуірге 1,4 млрд. теңгеге немесе 99,9%-ға игерілді. 13,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1%-ға орындалды (2021ж. 12,6 млрд.тг). Аудандағы өнеркәсіп көлемі 2023 жылға жоспар 15,4 млрд. теңгеге жеткізу межесі қойылып отыр. Ағымдағы жылдың І тоқсанына 3,3 млрд. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9%-ға орындалды. Ал шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. 2022 жылы жалпы 65 үлкен-кішілі жобалар іске асырылған.
Бүгінгі таңға, тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 13 643 бірлікті құрап, одан жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 13 491 бірлікке жетіп, олардың үлесі 98,9%-ды құрады. 2023 жылы 26,7 млрд. теңгеге 12 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ірі жобалардың бірі Шанақ ауылдық округінен құны 23,8 млрд. теңге болатын жалпы қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясын салу көзделуде. Жер мәселесі толық шешілген. Қазіргі таңда, инвесторлармен меморандум түзіліп, жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, құны 1,1 млрд.тг. құрайтын мал сою бекетін салу қарастырылуда. Қуаттылығы жылына 10 мың бас ірі қара малды құрайды (25 жаңа жұмыс орнын ашу). Сонымен қатар, «Ынтымақ» өндірістік кәсіпорын тарапынан құны 700 млн.тг. болатын қуаттылығы 1,3 МВт су электр станциясы салынуда (7 жаңа жұмыс орны ашу). Ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі. 2023 жылға жоспар 31,5 млрд. теңге межесі қойылып отыр.
Аудандағы инвестиция көлемі 1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,3%-ға орындалды. Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Ауылшаруашылық көлемі 66,7 млрд. теңгеге орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 6,9 млрд. теңгеге өнім көлемі ұлғайды (2021ж. 12 ай 59,8 млрд.тг). Нақты көлем индексі 104,7 пайызды құрады. 2023 жылға жоспардың өнім көлемі 73,4 млрд. теңгеге жеткізу межеленіп отыр. Өнім көлемі 8,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 155,6%-ға орындалды. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 3 700 тоннадан астам дизель отыны бөлінді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданда Шарбұлақ және Шанақ ауылдық округтері пилоттық режимде іске асырылуда. Яғни олар: Шарбұлақ ауылы округінде сүтті бағытта, ал Шанақ ауылы округінде етті бағыттағы жобалар. Шарбұлақ ауылы округінде сүтті бағыттағы жоба. Жоба басталғалы бері 83 тұлға өз құжаттарын ұсынған, оның 41 тұлғаның құжаттары сараланып, несие алу үшін «Ырыс МҚҰ» ЖШС-на жолданды. Нәтижесімен 22 тұлғаның құжаты қолдау тапты. Қалған 57 тұлғаның құжаттары несие алу үшін бизнес жоспары әзірленуде.
Шанақ ауылы округінде Етті бағыттағы жоба. Басталғалы бері 47 тұлға өз құжаттарын ұсынған, оның 27 тұлғаның құжаттары сараланып, несие алу үшін «Ырыс МҚҰ» ЖШС-не тапсырылды. Қалған 40 тұлғаның құжаттары несие алу үшін бизнес жоспары әзірленуде. Екі ауылдық округке жалпы 800,0 млн. теңге жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге, ауыл округтерде несие алуға өтініш білдіріп жатқан тұрғындардың саны жалғасуда. Былтыр құрылыс жұмыстары 7,7 млрд теңгені құраса биылғы нақты көлем 109,5 пайызға жетіп отыр. 2023 жылға құрылыс көлемінің жоспары 7,8 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. 3 айда құрылыс жұмыстары 200 млн. теңгеге немесе 70,6%-ға орындалды. 2022 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 27,6 мың ш.м. жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 106,8%-ға орындалды. 2023 жылға жоспар 27,8 мың ш.м. 1 тоқсанға пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 5,8 мың ш.м. немесе 103,1%-ға орындалды. 2022 жылы Қазығұрт ауылында 2 қабатты 10 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысын салуға жергілікті бюджеттен
195,8 млн. тг. қаралып, жыл қорытындысымен пайдалануға берілді. Тұрғын үй кезегінде тұрған 20 адамға пәтер кілті тапсырылды.
Бүгінгі таңға аудан бойынша жалпы 1 053 адама тұрғын үй кезегінде тұр. 2023 жылға республикалық бюджет есебінен 40 тұрғын үйді сатып алу үшін 384 млн. теңге қаралып отыр. Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметті осал топтардағы 40 отбасыға пәтер беру көзделуде (1 тұрғын үй бағасы 9,6 млн.тг). Бұдан бөлек, аудан бойынша жалпы 6 979 адам жер кезегінде тұрса, оның 93 пайызы аудан орталығындағы азаматтар құрап отыр. Осы мәселені шешу мақсатында, аудан орталығында орналасқан «Шығыс» мөлтек ауданынан мың гектар жер белгіленді.
Ағымдағы жылы мың гектардың 80 гектар жеріне инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін бюджеттен 883 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталу үстінде. Жыл қорытындысымен жер кезегінде тұрған 592 отбасыға жер телімі берілетін болады. Әлеуметтік сала бағыты бойынша ауданда былтырғы жылы 1 953 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл қорытындысымен 3 287 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жылдық жоспардан 168 пайызға артық орындалып отыр. 2023 жылға 5 603 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, бүгінгі күнге 1 815 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылдық жоспардың 32,4 пайызын құрап отыр.
Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орын құру туралы тапсырмасы бойынша ауданда 551 жаңа жұмыс орындары құру жоспарланып, 2022 жылдың қорытындысымен 1 421 жаңа жұмыс орны құрылды. Жылдық жоспар 2 есеге артық орындалды. Ал, 2023 жылы 1 152 жаңа жұмыс орындары құру жоспарланса, 3 айдың қорытындысымен 309 жаңа жұмыс орны құрылып, жылдық жоспардың 27 пайызын құрап отыр. 2022 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 863,1 млн. теңге қаржы қаралып (оның ішінде: Республикалық бюджеттен 750,9 млн. теңге, ал аудандық бюджеттен 112,2 мың теңге қаржы қаралған), 1 944 отбасындағы 11 517
аз қамтамасыз етілген адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толық төленді.
2023 жылға 1,1 млрд. теңге қаржы жоспарланған. Ағымдағы жылдың 3 айында 1 173 отбасындағы 7 133 аз қамтамасыз етілген адамға 216,4 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 142,1 млн. теңге төленді. 2022 жылға тұрғын үй көмегіне аудандық бюджеттен барлығы 18,3 млн. теңге қаржы қаралып, 252 отбасыға төленді. 2023 жылға 21,2 млн. теңге қаржы қаралған. Ағымдағы жылдың 3 айында 86 отбасыға 4 млн. теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, толығымен төленді. Сонымен қатар, 2022 жылға атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жастағы балаларына бюджеттен (РБ) 164,4 млн. теңге қаржы қаралып, 2 440 балаға әлеуметтік пакет тағайындалып, төленді. 2023 жылға (РБ) 133,1 млн. теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылдың 3 айында 1 053 отбасыларындағы 2 079 балаға 20,9 млн. теңге төленді.
Ауданда 61 медициналық мекемелері қызмет көрсетуде (Стационар-5, Емхана-1, БМСККО- 4, ДА-10, ФАП-25, МП- 16). Ағымдағы жылы Қақпақ, Ынталы, Жаңаталап фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылыстары жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысымен пайдалануға берілу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 2024 жылдарға Еңбекші, Қызылсеңгір ФАП-нің және Қызылту дәрігерлік амбулаториясы құрылысын жүзеге асыру үшін нысандардың барлық құжаттары рәсімделіп, салалық басқармаға ұсыныс берілген, қазіргі таңда ЖСҚ әзірленуде. 2025 жылдарға Шанақ дәрігерлік амбулаториясы және Айнатас, Ақбастау, Қаржан, Алтынтөбе, Жұмысшы, Махамбет және Майлыошақ елді мекендерінен ФАП құрылысын салу қарастырылуда. Білім саласы бойынша Қазығұрт ауданында 73 мемлекет меншігіндегі мектеп, 3 жеке меншік мектеп және 76 балабақша (2 мемлекеттік, 11 сенімгерлік басқарудағы, 63 жекеменшік) бар. 2022 жылы 2 апатты, 1 үш ауысымды, 2 ыңғайластырылған, мектебі жоқ 2 елді мекеннің мәселесін шешу мақсатында, бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлініп, 7 мектептің құрылысы басталған. Жыл қорытындысымен 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 6 мектептің құрылысы 2023 жылға өтпелі болды. Ағымдағы жылы өтпелі 6 мектептің 3 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. (Какпак а/о, Сырлысай, Қ.Абдалиев а/о, Амангелді және Сарапхана а/о Майлыошақ) Ауданда 7 ауылдық мәдениет үйі, 15 ауылдық кулб, 1 орталық кітапхана,1 аудандық балалар кітапхана, 22 ауылдық кітапхана, 262 спорт нысандары бар (5-спорт кешені, 11-футбол манежі, 68-спорт залдары, 3-ату тирлері, 175-жазықтықты құрылғылар).
Өткен жылы «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында 509,3 млн.теңге қаржы қаралып, Жігерген және Шанақ ауылдық округтерде 2 мәдени ошағының құрылысы басталып, 2023 жылға өтпелі болған. Ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2023 жылы Қазығұрт ауылында 500 орындық мәдениет үйінің құрылысын салуға бюджеттен 612,2 млн.тг. қаралып, жеңімпаз мердігер анықталып, келісім шарт түзілуде. Сондай-ақ, Жаңабазар елді мекеніндегі спорт мектебін күрделі жөндеуге 217 млн. теңге қаржы қаралып, 2022 жылдың қорытындысымен пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысының балаларды тегін шығармашылық үйірмелермен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданда 2022 жылы жалпы 3,3 млн. теңгені құрайтын мәдениет және спорт саласынан 2 кәсіпкерлер («Access» ЖК спорт түрі каратэ 43 бала, «Азилаев» ЖК сурет, графика, тоқу, биссер 65 бала, «Шулбаева» ЖК домбыра, би, вокал 150 бала) жұмыс жүргізуде. Бұдан бөлек, 6 кәсіпкер спорттың 8 түрінен 1 598 баланы жаттықтыруға өтінім берген. Аудандағы басты түйткіл ауыз су мәселесі өткен жылдың қорытындысымен ауданда жалпы 62 елді мекеннің 59 елді мекені немесе 96,7 % ауыз су құбырымен қамтамасыз етілді. 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі кезеңмен Жігерген ауыл округі Айнатас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына 276 млн. теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың 17 мамырында пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, өтпелі кезеңмен Тұрбат ауыл округі Қызылдихан елді мекенін қайта құру ауыз су жүйелерінің құрылысына 685,9 млн. теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылдың тамыз айында ел игілігіне беріледі. Сондай-ақ, 2023 жылы «Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қоймасының құрылысына 268,5 млн теңге қаралып, жыл соңына пайдалануға беру көзделуде. Нәтижесінде 7 елді мекенді 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданының орталығын 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 727,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Аталған нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Жылдың қорытындысымен аудан бойынша 60 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 96,7 пайызды құрайтын болады.
Ауданда 62 елді мекеннің 49-ы табиғи газ жүйесімен қамтылып, 79 пайызды құрайды. 2022 жылы Еңбек (Жаңағасыр, Наурыз көшелері) және Атбұлақ елді мекендерін (Үмбеталиев, Ж.Қаппаров, Жүнісбек ата көшелерін) газбен қамтамасыз етуге 86,8 млн. теңге қаралып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 2022 жылы Шанақ, Ызабұлақ және Ақжар елді мекендеріне 511,3 млн. теңге қарастырылып, қалған 173,4 млн. теңгесі 2023 жылы бөлінді. Жыл қортындысымен пайдалануға тапсыру жоспарлануда. 2023 жылы Ескі Шанақ, Бақабұлақ, Шанақ бекеті елді мекендерін табиғи газбен қамту үшін 292,1 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінде мердігер мекеме анықталып, келісім шарт түзілді. Қазіргі таңға, бекітілген кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Аудандағы 62 елді мекенның 98,4 пайыз орталықтандырған электр желісіне қосылған, 1 елді мекен (Өгем е.м.) шалғайда орналасуына байланысты дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. 2022 жылы тозығы жеткен 12 елді мекеннің электр желілері мен бағаналарын жаңартуға 1,1 млрд. теңге қаралып (Қазығұрт, Еңбек, Тұрбат, Ынталы, Айнатас, Қызылқия, Қ.Мамбетұлы, Қызылсеңгір, Қызылдала, Рабат, Еңбекші, Қақпақ), жыл қорытындысымен пайдалануға берілді. 2023 жылы 11 елді мекенде (Өндіріс, Жаңажол, Жаңаталап, Қаржан, Алтынтөбе, Аққұм, Қызылата, Майбұлақ, Көкібел, Атбұлақ, Рабат) электр қуатына жетіспейтін көшелерді қуаты жоғары электрмен қамтамасыз ету құрылысына 1,3 млрд. теңге қаралып, жыл соңына дейін 10 елді мекен пайдалануға тапсырылса, 1 елді мекен 2024 жылға өтпелі
2022 жылы аудандық және облыстық бюджет есебінен 1,8 млрд. теңгеге 111,5 шақырымды құрайтын 28 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Өндіріс елді мекендегі Тастақсай өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмысына 176,7 млн. теңге қаржы қаралып, пайдалануға берілді. Жаңабазар ауылы округі Ұя өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмысына 147,8 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың мамыр айының соңында пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Аудандық маңызы бар 297,5 шақырым жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 76,3% болса, елді мекендердегі ішкі көшелердің (812,5 шақырым) жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 65,9% құрады. 2023 жылы КХ-44 «Жігерген-Көкібел» облыстық маңызы бар автмобиль жолын орташа жөндеуден өткізу үшін
210,0 млн. теңге қаржы бөлінген. Нысан 2024 жылға өтпелі. былтырғы жылдан 2023 жылға өтпелі 5 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 563,6 млн. теңге қаржы бөлінген. Жыл соңыңа дейін аяқталатын болады. 2023 жылдарға өтпелі кезеңімен елді мекендердегі 45 ішкі көшелерді орташа жөндеу жұмыстары үшін 2,3 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 17 көшеге 702,3 млн.теңгеге қаржы қаралған. Аталған көшелердің барлығы жыл соңына дейін ел игілігіне тапсырылатын болады.
Сонымен қатар биыл Ауданға қарасты ауылдар мен елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықтың табысы мен өмір сапасын арттыру – негізгі міндет. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындары мен өндіріс орындарын ашу, жылыжайларды көбейту де аса маңызды.